Share

Q-club

Q-club

Qclub –  разговорный клуб казахского языка для совершенствования культуры речи и языкового наследия, развития казахского языка во всех сферах жизни работников КМГ Инжиниринг.

Встречи участников клуба проводятся на регулярной основе еженедельно по средам, с 13.00 до 14.00 ч. в кабинете 2203. Для каждого участника выдается браслет клуба. С июня 2022 г. до настоящего времени проведено 19 встреч.

Қазақша сөйлеу клубы – Әріптестеріміздің өмірінің барлық саласында қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға және оны қолдануға көмек беру, сөздік қорын толықтыру үшін тамаша мүмкіндік орыны болып  табылады.

Ауызекі тілде қазақша сөйлеу мәдениетіңізді арттырып, қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған «Q-Club» сөйлесу клубының есігі барлық ниет білдірушілерге әр аптаның бейсенбісінде 13:00-14:00 аралығында ашық!

Қазақша сөйлеу клубының мақсаты – Әріптестеріміздің өмірінің барлық саласында қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға және оны қолдануға көмек беру, сөздік қорды толықтыру. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, мәдени және тілдік мұраны насихаттау, сондай-ақ қазақ тілінде сөйлегісі келетін, барлық ұлт өкілдері арасында жақсы қарым-қатынас құру.

Қызметі: тіл жанашырларымен кездесу, тақырыптық кездесулер ұйымдастыру; қазақ тілінде ойын, байқаулар, қазақ тілінде сөйлеу үшін тіл дамыту сабақтарын өткізу, Әлемді қазақ тілінде тану.

Жұмыс жасау кезеңі: қаңтар айынан қараша айына дейінгі 11 айлық мерзімді қамтиды. Екі негізгі іс-шара – «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні» және «Наурыз мейрамы».

Клуб қағидалары:

1. Біз тек қазақ тілінде сөйлейміз. Егер сіз қандай-да бір сөзді білмесеңіз де, сіз әрқашан парафраз жасай аласыз, әріптесіңізден сұрай аласыз немесе сөздіктен көре аласыз. Тек осылай ғана еркін сөйлеп кетуге болады.                                    

2. Ұялмау, қысылмау, қазақша сөйлеуден рахат алу.

Клуб логотипі:

Клуб отырысының бағдарламалары әр қатысушының қызығушылығын оятуға бағытталған. Клубтағы әрбір кездесу белгілі бір тақырыптарға арналады. Клуб қатысушылары достық қарым-қатынас жасай отырып, сөйлеу тілін дамыта алады, жинақталған білімін тәжірибеде қолдануға және сөздік қорын толықтырып, қазақ мәдениеті мен әдебиеті бойынша білімін кеңейтеді. Қатысушылар кездесу барысында өзара әңгіме айтып, қазақ тілінде бейнероликтер тамашалайды, шағын диалогтар құру арқылы сұхбаттасады, тіл дамыту жаттығуларын орындайды. Бұл жұмыстарды өткізудегі мақсат – тілдік кедергіні жеңіп, қазақ тілінде еркін сөйлеу.

Бағдарлама құрылымы:

  • TikTok және қойылымдар;
  • Қазақтың салт-дәстүрлері;
  • Фразеологизмдер мен тұрақты сөз тіркестері;
  • «Мафия», «Alias» ойындары;
  • Қазақ әндерін тыңдап, талдау (Listening);
  • Жапондық коандар қазақ тілінде;
  • Тақырыптық әңгімелесулер;
  • Бейнероликтер көріп, талдау;
  • «Ситуациялық қазақ тілі» (на основе пособия «ситуативный казахский»);
  • Ресмихат бойынша мастер-класс;
  • Топтық ойындар және т.б.
  • Қазақ тіліндегі диалектілер, мақал-мәтелдер мен жұмбақ, жаңылтпаштар.