Share

Бекішев Рүстем Жұмағалиұлы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Бюджеттеу және жоспарлау департаменті мұнай өндіру ұйымдарын жоспарлау басқармасының бастығы

Білімі

  • 2008-2012 — Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «Есеп және бағалау» факультеті, «Бағалау» мамандығы.
  • 2023-2024 Қазақстан-Британ техникалық университеті, басшыларға арналған іскерлік әкімшілік (EMBA).

Еңбек қызметі

  • Еңбек жолын 2012 жылы аудит департаментінің аудитор ассистенті болып бастады және консалтинг және аудит саласында қызмет көрсететін Deloitte халықаралық компаниясының аға аудиторына қызмет етті.
  • 2017 жылдан бастап Hydroserv Group, «MH Industry» ЖШС (холдинг — «Казпетродриллинг» АҚ), «Forte Oil Field Services» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС мұнай сервисі индустриясы кәсіпорындарында түрлі басқарушы лауазымдарда жұмыс істеді.
  • 2021 жылдан 2023 жылға дейін — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-сервистік активтер департаментінің көмірсутек шикізатын кәдеге жарату басқармасының бас маманы, бастығы болып жұмыс істеді.
  • 2023 жылғы желтоқсаннан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өндіру және барлау активтерін жоспарлау басқармасының бастығы қызметін атқарады.