Share

МУСТАФАЕВ МҰРАТ КЕНЕСБАЙҰЛЫ

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Білімі

  • 1987-1991 жж., «Казводмелиорация» мемлекеттік концернінің Қызылорда политехникумы, «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу» бөлімшесі, Қызылорда қ-сы, Техник-механик;
  • 1991-1996 жж., Қазақ ұлттық техникалық университеті, геология барлау факультеті, Алматы қ-сы, Геологиялық барлау, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау, тау-кен инженер-геологы;
  • 2008-2010 жж., Халықаралық бизнес академиясы, МВА бөлімі, Алматы қ-сы, Іскерлік басқару магистрі;
  • 2017-2020 жж., «Уфа мемлекеттік мұнай технологиялық университеті», «УММТУ» ЖБ ФМБҰ аспирантурасында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламаларын меңгермей, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін іздену;
  • 2017-2018жж., «ҚМГ ҰК» АҚ компаниялар тобының топ-менеджерлерін дамытудың бірыңғай бағдарламасы (Модульдер 1, 2, 3, 4) «ҚМГ бірыңғай ТОП командасы».

Еңбек қызметі

  • 1997-1999 жж. — Мұнай және газ өндіру жөніндегі 2-дәрежелі оператор, «Южнефтегаз» АҚ/ «Харикейн Құмкөл мұнай» АҚ, Қызылорда облысы, Құмкөл к/о (учаскедегі ұңғымалардың жұмысын бақылау, ұңғымалардың өлшеулерін (дебиттерін) жүргізу, ұңғымалардағы сұйықтық сынамаларын алу, ұңғымаларды тазарту жұмыстарын жүргізу (ГШТ, ЫМТ), ұңғымалар жұмысының ағымдағы көрсеткіштерін тіркеу (оператордың тәуліктік есептері));
  • 1999-2000 жж. — 2-дәрежелі оератор, бригаданың аға операторы, инженерлік қызметтің ұңғымаларын зерттеу жөніндегі 5 – дәрежелі оператор, «Харикейн Құмкөл мұнай» АҚ, Қызылорда облысы, Құмкөл к/о, Оңтүстік Құмкөл, Қызылқия (учаскедегі ұңғымалардың жұмысын бақылау, ұңғымалардың өлшеулерін (дебиттерін) жүргізу, ұңғымалардағы сұйықтық сынамаларын алу, ұңғымаларды (ГШТ, ЫМТ) тазарту жұмыстарын жүргізу, ұңғымалар жұмысының ағымдағы көрсеткіштерін тіркеу (оператордың тәуліктік есептері));
  • 2000-2003 жж. — Далалық геолог, «Қуат Амлон Мұнай» БК бас кеңсесінің геологы, Қызылорда облысы, Қоныс, Бектас к/о (ұңғымадағы мердігерлердің жұмысын тікелей бақылау (бұрғылау, перфорация, ГАЖ), ұңғымаларды зерттеу бағдарламаларын әзірлеу (ҰГДЗ, ГАЖ-к), ұңғымалардың технологиялық режимдерін дайындау (қызмет бағытына сәйкес), ұңғымалардың жұмыс режимдерін және зерттеу нәтижелерін тіркеу (шатыраштар және т.б. есептілік).;
  • 2003-2005 жылдары – «Торғай – Петролеум» ЖАҚ геологиялық қызметінің жетекші геологы – басқарушысы, Қызылорда облысы, Құмкөл, Шығыс Құмкөл к/о, (пайдалану ұңғымаларын бұрғылау үшін нүктелерді іріктеу, кен орындарын толық барлау бойынша іс-шаралардың орындалуын іріктеу және бақылау, ұңғымалардың геофизикалық зерттеулерінің уақтылы және сапалы орындалуын бақылау);
  • 2005-2006 жж. — «Торғай – Петролеум» ЖАҚ қызметінің игеру жөніндегі жетекші инженері, Қызылорда облысы, Құмкөл, Шығыс Құмкөл к/о (мұнай өндірудің негізгі көрсеткіштерін есептеу, қысқа және ұзақ мерзімді кезеңге мұнай мен газ өндіруді болжау, геологиялық-техникалық іс-шараларды ескере отырып, бір жылға мұнай өндіруді есептеу, өндіру және айдау ұңғымалар жұмысының технологиялық режимдерінің сақталуын бақылау);
  • 2006-2007 жылдары – «Торғай-Петролеум» АҚ Геология және игеру дирекциясының бас геологы, Игеру бөлімінің бастығы, Қызылорда облысы, Құмкөл, Шығыс Құмкөл к/о (мұнай өндіру бойынша жоспарды орындау үшін өндіру бейіндерін есептеу (болжау), іздестіру, іс-шараларды (ГТШ) келісу, геология және игеру бөлімдерінің жұмысына басшылық жасау, мұнай өндіру бойынша жоспарды айқындау және оны іске асыру, директорлар кеңесінің техникалық комитеті үшін қызмет бағытына сәйкес материалдар дайындау);
  • 2007-2012 жылдары – «Торғай-Петролеум» АҚ Геология және игеру дирекциясының Геология және игеру жөніндегі директоры, Қызылорда облысы, Құмкөл, Шығыс Құмкөл к/о (Геология және игеру бөлімдерінің жұмысына басшылық жасау, мұнай өндіру бойынша жоспарды айқындау және оны іске асыру, Директорлар кеңесінің техникалық комитеті үшін қызмет бағытына сәйкес материалдар дайындау);
  • 2012-2015 жж. — Бас геолог, бас директордың кеңесшісі, геология және игеру жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ геологиялық барлау жөніндегі басқарушы директоры, Астана қаласы, Қабанбай-батыр даңғылы 17 (ұйымның геологиялық барлау жұмыстары (қорлардың өсуі), SPE-PRMS қорларының аудиті саласындағы қызметін үйлестіру, геологиялық-техникалық сатып алуға жоспарланған жобаларды бағалау);
  • 2016 ж. – «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» АҚ Бас директорының портфельдік менеджмент жөніндегі бірінші орынбасары, Ақтау қ-сы, 2-ғимарат (Институттың өндірістік қызметін үйлестіру (жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру, басшылық ету, бақылау));
  • 2016-2018 жж. — «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» ЖШС Бас директоры/«ҚазҒЗЖИмұнайгаз» ҚМГ ӨБТ ҒЗИ» ЖШС филиалының директоры (Серіктестіктің/Филиалдың өндірістік қызметін үйлестіру (жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру, басшылық ету, бақылау));
  • 2018-2021 жж. — «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы), Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі, 100;
  • 2021 ж. — «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директорының Бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы, Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі, 100.