Share

ЕСБЕРГЕНОВА АЙГҮЛ САҒЫНАЙҚЫЗЫ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас бухгалтері.

Білімі

  • Есбергенова Айгүл Сағнайқызы «ҚазМАУ» – «Бухгалтерлік есеп және аудит, АХД» экономист мамандығы бойынша бітірген.
  • Халықаралық қаржылық есептілік бойынша АССА дипломы және «Қаржы жүйесі органдары мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ-нан «ҚР Кәсіби есепші» сертификаты бар.

Еңбек қызметі

  • Айгүл Сағнайқызы еңбек жолын 1993 жылы туған алма-матер «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы ретінде бастады, және де әр түрлі жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі ҚР Есеп комитетінде, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде, «ҚазҚұрылысҚызмет» ЖАҚ-да жұмыс істеді, «Қазақстан Девелопмент Груп» ЖШС, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК және басқа да бірқатар компанияларда бас есепші, бас есепшінің орынбасары ретінде үлкен тәжірибесі бар. Жалпы алғанда, қазіргі таңда А. Есбергенованың мамандығы бойынша еңбек өтілі шамамен 30 жылды құрайды.