Share

Абылханов Ержан Довулбайұлы

Абылханов Ержан Довулбайұлы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры

Білімі

  • 2006 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Мұнай және газ факультетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша аяқтаған;
  • 2009 жылы Малайзия технологиялық университетінің магистратурасын (мұнай ғылымдары) бітірді.

Еңбек қызметі

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на тағайындалғанға дейін «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясында қазақстандық бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы қызметін атқарды.
  • Әр жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары, ҚР Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
  • 2010 жылдан 2019 жылға дейін — CMOC B.V. компаниясының (Ақтау қ.) кәсіптік инженер, аға инженер, жетекші инженер, техникалық директоры.
  • 2023 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры.