Share
Балықбаев Руслан Әлібекұлы
Балықбаев Руслан Әлібекұлы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Білімі
- 2008 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін «Мұнай және газ орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген.
- 2010 жылы Турин политехникалық университетінің (Италия) магистратурасын бітіріп, мұнай инженериясы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі
- 2010 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінде жұмыс істеді.
- 2011-2013 жылдары «Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани н.в.» (Аджип ККО) инженері болып жұмыс істеді.
- 2013-2024 жылдары «PSA» ЖШС-да әртүрлі қызмет атқарды: менеджер, бас менеджер, техникалық департамент директоры, Солтүстік Каспий жобасы бойынша бас менеджер (Басқарма мүшесі).
- 2024 жылғы шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
- «Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.