KDR форумы – Ұңғымалық Инженерия – қалай өтті
- 08.12.2022
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on KDR форумы – Ұңғымалық Инженерия – қалай өтті
- sdauren
Форум жұмысы 2015 жылы басталды, ол Астанада 2019 жылы алғаш рет өткізілді.
Іс-шара қайта Қазақстандағы бұрғылау, аяқтау және өндіру жөніндегі мамандардың ең ірі жиналысына айналды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және ҚМГ Инжинирингпен серіктестікте өткізілетін KDR өзінің технологиялық сессияларында ұлттық және халықаралық мұнай-газ операторларын, бұрғылау, сервистік және технологиялық компанияларды қарсы алады. Трендтер белгіленеді, білім мен технологиялар алмасады, оның аясында жаңа байланыстар орнатылып, ағымдағы байланыстар сақталады.
-TMG Global Intelligence «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясымен және ҚМГ Инжинирингпен тікелей серіктестікте ұйымдастырған KDR-2022 бір күн ішінде өтті және екі технологиялық залға бөлінді. ҚМГ және ҚМГ Инжиниринг мамандары барлық негізгі өңірлік операторлар мен сервистік компаниялар тарапынан ұңғымаларды бұрғылау және жобалау жөніндегі сарапшылармен бірге соңғы өңірлік игерулерді, озық тәжірибені талқылау, біліммен алмасу және форумның технологиялық сессияларынан кейін бейресми жағдайда араласу үшін жиналды, – дейді ҚМГИ корпоративтік басқаруды цифрландыру қызметінің сарапшысы Рустам Алдангоров.
Спикер атап өткендей, форум физикалық форматта өткізуге тамаша оралу болды, өйткені пандемиядан кейін бүкіл саланы қайта біріктіруге мүмкіндік берді:
– Форумның іскерлік бағдарламасы таңдалған технологияларға, қызметтерге және өңірлік иегрулерге арналған технологиялық сессияларды қамтыды. Іс-шара презентациялар мен тақырыптық зерттеулердің, дөңгелек үстелдер мен сұрақ-жауап сессияларының өзара үйлесімі болып табылады және барлық TMG мұнай-газ іс-шаралары сияқты барлық сессиялар аймақтық мұнай-газ оператор-компанияларының модераторларының басшылығымен өткізілді, бұл пікірталастарға ұңғымаларды жобалау циклінің тиімділігін арттыру және ұзақ мерзімді жұмыс қатынастарын нығайту бойынша нақты мақсаттан алшақтамауға мүмкіндік береді, – дейді сарапшы.
Ұйымдастырушылар іс-шараның Бас серіктестеріне үлкен алғыс білдіреді:
ҚМГ Инжиниринг және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ;
Платина демеушілеріне – Kazpetrodrilling, Жігермұнайсервис, ҚазМұнайГаз ҚБК – Бұрғылау;
Алтын демеушілеріне – PetroCad, TGT Diagnostics, ООО Хардбендинг, McCoy Global, MindMapPro; Күміс демеушілеріне – Oil Geo Construction, ADAGA Solutions, SDUK, HiKaliber Equipment, KAZRIG, Volant Products, Welltec и Drillmec, және де Timken н Инпромсервис.