Материалдық және материалдық емес ынталандыруды біріктіретін персоналды ынталандыру жүйесі білікті персоналды тартуға және ұстап тұруға, қызметкерлердің еңбек нәтижелеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған.
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де қолданылатын еңбекке ақы төлеу жүйесі біліктілік деңгейі бойынша лауазымдық айлықақы белгілеуді көздейді, сыйлықақы беру тоқсан сайын мақсаттар мен міндеттерді орындау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады, еңбек заңнамасы шеңберінде тәлімгерлік, ішкі жаттықтырушылар үшін қосымша төлемдер көзделген, мерекелік күндерге біржолғы сыйлықақылар көзделген.
Инновацияларды ынталандыру және қызмет тиімділігін арттыру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында біржолғы сыйлықақы берілуі мүмкін.
Қосымша материалдық көтермелеу мақсатында қызметкерлерге жыл қорытындысы бойынша сыйлықақы төленуі мүмкін, ол «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ компаниялар тобындағы жұмыс өтілі бойынша есептеледі.
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де материалдық емес ынталандыру жүйесі алғыс хаттармен, грамоталармен, естелік белгілермен, мемлекеттік наградалармен жұмыс істейді.