ADBI Институтының өкілдерімен кездесу ҚМГ Инжинирингте өтті
- 04.10.2023
- News-Kaz, News-Kk
- Коммент өшірілген on ADBI Институтының өкілдерімен кездесу ҚМГ Инжинирингте өтті
- D.Arkharova
Азия Даму Банкінің өкілдерін ҚМГИ бас директоры Мәлік Сәлімгереев қарсы алды.
ҚМГИ-ге келудің негізгі мақсаты сутегі энергетикасы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау болды.
Және де іс-шараға ADBI тарапынан аға ғылыми қызметкер Дина Әжғалиева компанияның Атыраулық филиалының басшысы Рахым Өтеев, Баламалы энергетика департаменті директорының м.а. Сәуле Жолдаякова, осы құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері қатысты.
Жұмыс кездесуі аясында қонақтарға Департаменттің қызметі таныстырылды, өз кезегінде Азия Даму Банкі институтының өкілі ҚМГИ қызметкерлерін ADBI жобалары туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, ADBI өкілдері ағымдағы жылдың 5-6 қазанында KazEnergy форумына Қазақстанның астанасына барады, онда олар Қазақстанда энергетикалық ауысу тетігі бойынша сессия ұйымдастырады.
Анықтама:
ADBI – Токиода орналасқан Азия даму банкінің талдау орталығы. ADBI Азия мен Тынық мұхитының дамушы елдеріне тұрақты және инклюзивті өсу мәселелерін практикалық шешуге көмектесуге бағытталған зерттеулер жүргізуде. Кездесудің негізгі мақсаты – жаңартылатын энергия көздері мен жасыл сутегі саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау. 2022 жылдың қазан айында Баламалы энергетика департаментінің қызметкерлері ABDI-де «Қазақстандағы сутегі экономикасына барар жолда» тақырыбында мақала жариялады. Бұл мақала АДБ институтының «Азия-Тынық мұхиты аймағындағы декарбонизация стратегиялары үшін сутегі» кітабына енгізілген.