8 шілдеде «Кәсіби шебер» бағдарламасының жобалары қорғалды
- 11.07.2022
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on 8 шілдеде «Кәсіби шебер» бағдарламасының жобалары қорғалды
- sdauren
«Кәсіби шебер» бағдарламасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің қолдауымен 2021 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ 15 қызметкері үшін іске қосылды. 4 модуль бойы бағдарламаға қатысушылар оқыту курстарынан өтіп қана қоймай, сонымен қатар командаларға бөлініп, жобалармен жұмыс істеді. Әр командаға ӨМГ сарапшыларының арасынан куратор тағайындалды.
Осылайша, 2022 жылғы 8 шілдеде 5 команда сараптау комиссиясының алдына өз жұмыстарын ұсынды:
Команда атауы | Жобалау жұмыстарының атауы | Команда қатысушыларының АТЫ-ЖӨНІ |
Қоныс | Бұрғыланатын пакерлерді қолдану арқылы ұңғымаларды цементтеу процесін жақсарту және сапасын арттыру | Мекеев Қонысбек Асқарұлы |
Қыран | ГУ сыйымдылық жабдықтарының сенімділігін арттыру | Утеев Найзабек Даулетбердіұлы Бимбетов Иса Ембергенұлы Қартбаев Сұлтанбек Асылбекұлы |
Өзен | Мұнайды кәсіпшілік дайындау. Ұңғымалардың ОГВ жүргізу үшін суды таңдау және дайындау | Тағанов Даурен Кайратұлв Асқанбаев Бауыржан Маратұлы Карамаддинұлы Абай |
Тұран | Терең сорғылардың қорғаныс фильтрлерінің құрылмасын жақсарту | Утегулов Қайрат Қыдырбайұлы Кунтуаров Ержан Ғалыжанұлы Кульбеков Тұрарбек Орынбасарұлы Қуанбек Роман Еділұлы |
Болашақ | Сорғы штангілері құрылмаларының өзгерістерін енгізу әдісімен өндіруші ұңғымаларда МРП ұлғайту | Калиев Қазыбек Қуттыбайұлы Джанабаев Болатбек Жексенбайұлы Сулеев Болат Құттыбайұлы Койлыбаев Серік Жанабайұлы |
Сараптау комиссиясының құрамына ӨМГ келесі басшылары кірді:
- Бигелдиев Мамбет Амантұрлыұлы – «Өзенмұнайгаз» АҚ Персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры;
- Телекусов Орынғали Өмірзақұлы – «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары;
- Аймұратов Жақсыгұл Бердімұратұлы – «Өзенмұнайгаз» АҚ ұңғымалардың ағымдағы жөндеу департаментінің директоры;
- Абенов Ғабит Сабітұлы – «Өзенмұнайгаз» АҚ ұңғымаларды бұрғылау және күрделі жөндеу департаменті директорының орынбасары;
- Рзаев Жасұлан Берікұлы – «Өзенмұнайгаз» АҚ игері жөніндегі департамент директоры.
Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша командалар келесі номинациялар бойынша марапатталды:
«Тұран» командасы – «Ең үздік экономикалық шешім».
«Қыран» командасы – «Ең үздік құрастырымдық шешім».
«Өзен» командасы – «Ең үздік технологиялық шешім».
«Қоныс» командасы – «Ең үздік оңтайландырылған шешім».
«Болашақ» командасы – «Жобаның үздік презентациясы».
Сонымен қатар, бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар берілді, және де барлық оқыту барысында өздерін ерекше көрсеткен бірқатар қатысушылар атап өтілді.
Тренерлердің 4 модулдері бойынша сауалнамасының нәтижелері бойынша бағдарламаның ең белсенді ТОП 6 қатысушысы анықталды:
1. Асқанбаев Бауыржан – «Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ-4 №7 мұнай және газ өндіру цехының №9 бригадасының Мұнай, газ және конденсат өндіру жөніндегі аға шебері (ГУ №101, 121);
2. Бимбетов Иса – «Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ-1 №11 мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары;
3. Карамаддинұлы Абай – «Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ-2 №3 мұнай және газ өндіру цехының (ГУ-41) Мұнай, газ және конденсат өндіру жөніндегі аға шебері;
4. Қойлыбаев Серік – «Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ-3 Ұңғымалардың жерасты жөндеу цехының Ұңғымаларды жөндеу жөніндегі шебері (күрделі, жерасты);
5. Тағанов Даурен – «Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ-3 №10 мұнай және газ өндіру цехының (ГУ №16) Мұнай, газ және конденсат өндіру жөніндегі аға шебері; 6. Көлбеков Тұрарбек – «Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ-4 №4 ұңғымалардың жерасты жөндеу цехының Ұңғымаларды жөндеу жөніндегі шебері (күрделі, жерасты);