Share

Ұңғымаларды бұрғылау кезінде максималды тиімділікке қалай қол жеткізуге болады?

Ұңғымаларды бұрғылау кезінде максималды тиімділікке қалай қол жеткізуге болады?

  • 07.11.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Ұңғымаларды бұрғылау кезінде максималды тиімділікке қалай қол жеткізуге болады?

ҚМГ Инжинирингте «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орындарында көлденең ұңғымаларды бұрғылау тиімділігі мәселелерін талқылауға арналған Зияткерлік клуб қатысушыларының кездесуі өтті.

Спикер – ММГ Геология және кен орындарын игеру департаментінің жетекші геологы Берік Айдаров компанияның қолданыстағы кен орындарына шолу жасай отырып, кіріспе ақпаратпен бөлісті. Геолог мұнай қорларының көлемі мен құрылымы бойынша маңызды статистиканы келтірді, Қаламқас, Жетібай, Асар, Алатөбе, Бектұрлы, Солтүстік Аққар, Атамбай-Сартөбе және т.б. кен орындарында ұңғымалардың өндірілуін талдады, және де ағымдағы МШК, қалдық алынатын қорлар және өзге де ілеспе бағалау көрсеткіштері бойынша деректерді келтірді.

Әрі қарай спикер кен орындарының бұрғылану дәрежесіне және көлденең ұңғымаларды бұрғылау тиімділігіне толықтай тоқталды:

– «ММГ» АҚ жетілген кен орындарында ұңғымалардың арасындағы орташа қашықтығы 150-200 м құрайды. Ұңғымаларының едәуір бөлігі төменгі горизонттарға дейін бұрғыланған. Бұрғылау радиусы бар мұндай аймақта қалдық қорларды өндіру БКОК/БК ұңғымалардың көмегімен жүзеге асырылуы керек, өйткені ҚАҚ оқшаулау аймақтарын дамыту инфрақұрылым мен нығыздалған желінің себебінен мүмкін емес.  Пайдаланылма бұрғылаудың мақсаты қолданыстағы торды тығыздау емес, жаңа аймақтарды дамытуға тарту болуы тиіс, – деп жиналған аудиторияға сарапшы кеңес берді.

Мәселен, Маңғыстаумұнайгаз кен орындарында игеру басталғаннан бері, яғни 2012 жылдан бастап көлденең тармақтары бар шамамен 147 ұңғыма бұрғыланды. Осы кезеңде бұрғылау технологиясын қолдану қара алтынды өндіру көлеміне қарай оң нәтиже берді. Мысалы, жалпы қосымша өндіру 2 870,2 мың тоннаны құрайды. ЖМГ ПУ кен орындары бойынша көлденең ұңғымалардың табыстылығы орта есеппен 70%, Қаламқас к/о – 60% құрайды.

Алайда, «пайдалану кезіндегі дебиттердің сәтсіздігі мен төмендеу факторына» назар аудару керек, бұл туралы ММГ өкілі де өз презентациясында еске салды. Ол төмен дебиттердің негізгі себептерін келтірді, соның ішінде: Ұңғымаларды жүргізу үшін аймақтарды қолайсыз таңдау, төмен ФСҚ; өткізгіштігі төмен, мұнаймен қаныққан аймақтарда КҰ бұрғылау; өндірілген қорлары бар аймақтарда бұрғылау; ұңғымалардың кенжар маңындағы аймақтарының жоғары колматациясы; суландыру деңгейінің ұлғаюы және модельдер негізінде кесудің әртектілігін алдын ала геологиялық талдаудың болмауы және қабат бойынша өткізу процесінде сапалы геологиялық сүйемелдеу. Мұның бәрі кен орындарын пайдалану кезінде мұнайшылардың жұмысын едәуір қиындатады. Қазіргі уақытта ұңғымалар бойынша өнімнің сулануы 80% – дан асады, аяқталу түрі оқшаулау жұмыстарын жүргізуге және пайдалану мерзімін арттыруға мүмкіндік бермейді.

– Ұңғымалардың аяқталу түрі ГТШ жүргізуге, ағын аралығын бағалауға, ағын аралығын қарқындатуға мүмкіндік бермейді, бұл КҰ көмірсутектер кен орындарын игеру технологияларын қолданудың техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне теріс әсер етеді, – деп Б.Айдаров атап өтті.

Өз сөзін қорытындылай келе, спикер Қаламқас және Жетібай кен орындары бойынша КҰ және оның айналасындағы ұңғымалардың инклинометриясын өлшеу дерекқорын құру қажеттігін атап өтті.

– Бұрын бұрғыланған іргелес ұңғымаларда КҰ бұрғылаудың әсерін талдау қажет. Және де, мұндай ұңғымаларды жобалау кезінде ГАЖ тарихы мен нәтижелерін қарастыра отырып, көршілес, бұрын бұрғыланған ұңғымалармен соқтығысу қаупін талдау қажет. Жобалау кезінде пилоттық оқпанның мүмкіндігін ескере отырып, төмен қуатты горизонттарға LWD (ГК, ННК, қарсылық және т.б.) геонавигацияны қолдану қажет. Бұдан басқа, Қаламқас және Жетібай кен орындарының геологиялық модельдеріндегі инклинометрия деректерін өзектендіру мәселесі туындады. Назар аударатын тағы бір фактор – бұл онлайн бұрғылаумен бірге жүретін жоғары білікті мамандарды тарту, – деді спикер.

Ұсынылған презентация спикерге талқыланатын тақырып бойынша бірнеше сұрақтарды жолдаған тыңдаушылардың жоғары қызығушылығын тудырды.

АНЫҚТАМА

Зияткерлік клуб 2020 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен іске қосылды. Осы клуб аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның ЕТҰ қызметкерлерінің қатысуымен 17 кездесу өткізілді: «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай БК» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС, және де «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС.

Бөлісу бағытындағы: