ҚМГ Инжиниринг PVT Біліктілік орталығының қызметкерлері «ABAI» АЖ «Қабат флюидтері» модулінде жұмыс істеу бойынша оқуын аяқтады
- 10.08.2022
- News-Kaz, News-Kk
- Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг PVT Біліктілік орталығының қызметкерлері «ABAI» АЖ «Қабат флюидтері» модулінде жұмыс істеу бойынша оқуын аяқтады
- sdauren
Екі филиал мен бас кеңсенің 14 маманы 5 күн ішінде PVT саласындағы сарапшы, лектор Павел Гужиков жүргізген «Сынамаларды іріктеуден қабат флюидтерінің қасиеттерін модельдеуге дейінгі» бағыттарды оқыды және «Қабат флюидтері» модулінде жұмыс істеу дағдыларын игерді.
Оқыту барысында семинарға қатысушылар адами факторға байланысты қателерді болдырмау мақсатында кіру параметрлерінің сапасын тексере отырып, әртүрлі форматтағы деректерді жүктеу функционалымен танысты. PVT БО басшысы Клара Күнжарикованың деректері бойынша деректерді жүктеудің әзірленген функционалы деректерді бекітілген форматтарға да, еркін (пайдаланушы құратын) форматтарға да экспорттау операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
– Дайындалып жатқан модульдің негізгі артықшылықтары қабат флюидтердің физикалық – химиялық қасиеттері туралы деректерге жылдам қол жеткізу, жүктелетін ақпараттың әр түрлі дәрежеде нақтылануы (сынама бойынша, нысан бойынша, кен орны бойынша), қабат флюидтің бекітілген параметрлері бойынша маңызды ақпарат алу болып табылады, – дейді Біліктілік орталығының басшысы.
Модульдік құрылым бұл жобаны басқа дайындалатын ABAI АЖ модульдерімен біріктіруге мүмкіндік береді. Бірыңғай орталықтандырылған базада сақталатын ақпарат басқа модульдерде, корпоративтік шешімдерде де қолданылатын болады, бұл сынамаларды іріктеуден модельдеуге дейінгі деректерді өңдеу жөніндегі бірыңғай ақпараттық тізбекті құруға мүмкіндік береді. «Қабат флюидтер» модулін енгізу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында қорларды есептеу, жобалау-техникалық құжаттаманы жасау, кен орындарын әзірлеу және көмірсутектерді өндіруді есепке алу кезінде қабат флюидтердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерінің бірыңғай мәндерін пайдалануды, және жобалау жұмыстарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді және олардың сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. Параметрлердің сапасын бақылауды жүзеге асыра отырып, қабат флюидтері бойынша деректерді жинау, жүктеу, жүктеп алу және ақпаратты өңдеу процесін автоматтандыру бастапқы деректерді жинау мен жүйелеуге уақытты қысқартады, жобалау-техникалық құжаттаманың тарауларына қажетті есептілікті автоматты түрде қалыптастыруға, дайын графиктер мен кестелерді жүктеп алуға мүмкіндік береді.
«Қабат флюидтер» модулі деректерді орталықтандыруға, стандарттауға және біріздендіруге бағытталған бірыңғай жүйенің бөлігі болып табылады. Жақын арада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорындарының бірін – «ҚазақОйлАқтөбе» ЖШС-де өнеркәсіптік енгізу жоспарлануда.
Оқу қорытындысы бойынша БО қызметкерлеріне ҚМГ Инжиниринг басшылығы атынан сертификаттар берілді. Марапаттауда «ABAI» АЖ жобасының және ҚМГИ ақпараттық технологияларды дамыту орталығының жетекшілерінің бірі Илья Васильев құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларға «Қабат флюидтер» модулінің заманауи аналитикалық құралдарын іс жүзінде қолдану кезінде жұмыстары сәтті және қызықты өтуіне тілек білдірді.