ҚМГ Инжиниринг AITU ұйымдастырған IT жәрмеңкесіне қатысты
- 11.05.2022
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг AITU ұйымдастырған IT жәрмеңкесіне қатысты
- sdauren
BigDATA секторының өкілдері «AITU Career EXPO 2022» карьералық көрмесі аясында жас it-мамандардың алдында біздің компанияға әрі қарай жұмысқа орналасу үшін неғұрлым болашағы зор және талантты жастарды тарту мақсатында сөз сөйледі.
Шараның жұмысына 50-ден астам халықаралық, ұлттық және жергілікті компаниялар жұмылдырылды. Жоғары оқу орны түлектері үшін бұл одан әрі сәтті жұмысқа орналасудың бастапқы алаңы, сондай-ақ топ-менеджерлермен және HR мамандарымен кездесу мүмкіндігі.
Ақпараттық технологияларды дамыту орталығының басшысы Илья Васильев және BigDATA секторының тәртіптік сарапшысы Данияр Нұрсейітов жиналған аудитория алдында шақырылған спикерлер ретінде сөз сөйлеп, мұнай – газ саласындағы озық цифрлық өнімді – «ABAI ақпараттық жүйесін» әзірлеу және енгізу туралы хабардар етті.
Бірден атап ескертейік, аталған жедел жоба қазіргі уақытта ҚМГ Инжиниринг өз күшімен Big Data платформасында жүзеге асырылуда және барлық өндірістік ақпаратты бірыңғай дерекқорда сақтауды орталықтандыруға, сондай-ақ жасанды интеллект пен машиналық оқытуды пайдалана отырып, заманауи талдау құралдарын қолдануға арналған.
– Advanced Base Artificial Intelligence аналитикалық жүйесі бізге деректерді сақтаудың заманауи технологияларын, аналитикалық құралдарды, сондай-ақ барлық деректерді көрнекі визуализацияны біріктіре отырып, кен орындарынан алынған деректер массивімен нақты режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Платформа Hadoop платформасында деректерді сақтау және өңдеу, құрылымданбаған деректермен, сондай-ақ нақты уақыт режимінде келетін деректермен жұмыс істеу мүмкіндігі бар веб-қосымша түрінде жасалған. Жүйенің өзегі ақпараттық жүйенің барлық модульдерін деректермен қамтамасыз ететін ABAI дерекқоры болып табылады. Заманауи әдістемелер мен алгоритмдер, сондай – ақ машиналық оқыту құралдары негізінде аналитикалық модульдер жинақтары әзірленуде, – деп И.Васильев қысқаша ақпарат берді.
ҚМГИ әлеуетті қызметкерлеріне кадрлық саясатты жүзеге асырудағы басты орын адам ресурстарын дамыту және заманауи кадрлық технологияларды қолдану арқылы ынталандыру жүйесін енгізу екенін түсіну маңызды. Көрме барысында ҚМГ Инжиниринг өкілдері AITU түлектерімен сөйлесуге мүмкіндік алып, соңғыларын Қазақстанның мұнай-газ саласында ғылыми-зерттеу және инжинирингтік қызметтер көрсететін ең озық компаниялардың біріне жұмысқа орналасу үшін өз күштері мен мүмкіндіктерін сынап көруге шақырды.