Share

ҚМГ Инжиниринг «Шығарындылармен күрестегі жасыл сутегі» панельдік пікірталаста ұсынылды

ҚМГ Инжиниринг «Шығарындылармен күрестегі жасыл сутегі» панельдік пікірталаста ұсынылды

  • 11.08.2022
  • News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг «Шығарындылармен күрестегі жасыл сутегі» панельдік пікірталаста ұсынылды

Қазіргі заманның ең өзекті экологиялық тақырыптарының бірін талқылау жөніндегі іс-шараны Азия даму банкі Институты ұйымдастырды.

ҚМГИ-дің Сутегі энергетикасы жөніндегі құзыреттер орталығы басшысының міндетін атқарушы, сутегі технологияларын зерттеу жөніндегі зертхана меңгерушісі Сәуле Жолдаяқова International Conference Applied Energy 2022 шеңберінде «Шығарындылармен күрестегі жасыл сутегі» онлайн-панельдік пікірталасқа шақырылған спикерлер қатарына кірді.

Ол «Towards hydrogen economy in Kazakhstan» тақырыбында Сутегі энергетикасы бойынша құзыреттілік орталығы мен Сутегі технологияларын зерттеу зертханасы командасының зерттеу жұмыстары негізінде баяндама жасады.

Панельдік пікірталас сутегі экспорты мен импортының зор әлеуеті шоғырланған Азия елдерінде сутегі экономикасын енгізу және дамыту мүмкіндіктерін талқылау мақсатында өткізіледі. Бұл жолы оған Жапония, Сингапур, Қытай, Индонезия және Қазақстан зерттеушілері, өкілдері қатысты.

– Климаттық дағдарыс біздің ұрпақтың алдында тұрған ең үлкен проблема болып табылады. Салдарды жеңілдетуге байланысты іс-шаралар бүкіл әлемде ұлттық, мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде, сондай-ақ жеке секторда өтеді. Жасыл сутегі болашақтың таңдаулы отыны ретінде әрекет етеді. Ол нөлдік көміртегі шығаратын электр энергиясын пайдаланып судың электролизімен өндіріледі. Бірақ бүгінде жасыл сутекті өндірушілер үлкен проблемаларға тап болып отыр, оның ішінде – құны мен экономикасы, инфрақұрылымның шектелуі және белгілі бір өңірлерде су ресурстарының жетіспеушілігі қаупі бар, – деп есептейді С.Жолдаяқова. Ол панельдік сессияда сөйлеген сөзінде осы пікірімен бөлісті.

ADBI сайтындағы ақпарат

https://www.adb.org/news/events/adbi-session-on-green-hydrogen-for-emission-mitigation-14th-international-conference-on-applied-energy

Панельдік пікірталас бағдарламасы және қатысушылардың профайлы

https://www.adb.org/sites/default/files/event/812576/files/adbi-session-green-hydrogen-emission-mitigation-panel.pdf

Бөлісу бағытындағы: