Share

ҚМГ Инжиниринг сарапшылары жаңғырмалы энергия көздері бар нысандарды аралады

ҚМГ Инжиниринг сарапшылары жаңғырмалы энергия көздері бар нысандарды аралады

  • 04.07.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг сарапшылары жаңғырмалы энергия көздері бар нысандарды аралады

Сутегі энергетикасы бойынша біліктілік орталығының аға инженері «Renewable Energy Trip – 2022» аясындағы жаңғырмалы энергия көздерін пайдаланудың үздік тәжірибелерін зерттеу бойынша білім беру экспедициясына қатысты.

Ғылыми сапарды ҚР Энергетика министрлігі, Qazaq Green қауымдастығы және Қазақстан-Неміс университеті ұйымдастырды.

– Сапардың басты мақсаты – ЖЭК нысандарын пайдалану және олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеу және талдау ақпаратын жинау. Экспедицияға қатысу жасыл сутегі өндірісінің негізі болып табылатын жасыл энергияны өндіру саласындағы білімді тереңдетуге мүмкіндік берді. Іс жүзінде біз күн, жел және су электр станцияларын, олардың техникалық және технологиялық ерекшеліктерін, ағымдағы проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттедік, – деп Орталықтың аға инженері Дәулет Жақыпов өз әсерімен бөлісті.

Тур қатысушылары 19-26 маусым аралығында Қазақстанның оңтүстік және орталық облыстарындағы бірқатар қолданыстағы ЖЭК нысандарын аралады. Олардың ішінде: Қапшағай СЭС, Қонаев қаласындағы қуаты 2 МВт КЭС, Бурное КЭС – 100 МВт, Меркідегі шағын СЭС – 1.2 Мвт, Нұра КЭС – 100 МВт, Саран қаласындағы КЭС – 100 МВт, Ерментау қаласындағы ЖЭС – 50 МВт және Костомар ауылындағы ЖЭС – 100 МВт.

Ұйымдастырушылар Renewable Energy Trip негізгі міндеттері практикалық зерттеулерде білім мен тәжірибе алу, жаңғырмалы энергетика бойынша үздік практикалар кейстерін дайындау, және де ақпарат тарату, елдер арасында тәжірибе алмасу және Орталық Азияда ғылыми әріптестікті дамыту болып табылатынын атап өтті.

«Renewable Energy Trip жаңғырмалы энергия көздерін пайдаланудың үздік тәжірибелерін зерттеуге арналған білім беру сапары» жобасы жаңғырмалы энергия көздері бар нысандарына бару мақсатында ұйымдастырылады.

Бөлісу бағытындағы: