Share

«ҚМГ Инжиниринг» компаниясында кадрлық резерв қатысушыларының компания басшылығымен кездесуі өтті

«ҚМГ Инжиниринг» компаниясында кадрлық резерв қатысушыларының компания басшылығымен кездесуі өтті

  • 09.11.2021
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on «ҚМГ Инжиниринг» компаниясында кадрлық резерв қатысушыларының компания басшылығымен кездесуі өтті
Компаниядағы әкімшілік лауазымдарға әлеуетті үміткерлерге айта отырып, ҚМГ Инжиниринг Басқарма Төрағасы Бахытжан Хасанов, кадрлық резервті құрудың басты мақсаты жұмыскерлерді негізгі басқару лауазымдарына мұрагерлік жолмен тағайындауды жоспарлау, олардың дамуын, ынтасын, сонымен қатар жұмыскерлердің компаниядағы кез-келген өзгерістерге дайын болу деңгейін арттыруды қамтамасыз ету болғанын атап кетті.

Өзіндік кадрлық резеврің бар болуы «сырттан» жетекшілерді іріктеу, оқыту және бейімдеу кезіндегі қаржылық және уақытша ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Резерв тобындағы жұмыскер, негізі, компанияның мәдениетімен және ерекшеліктерімен таныс. Әдетте ол өте тиімді, тек компаниядағы ахуалдарға жаңа көзқарас қажет болған жағдайлардан басқа.

Б.Хасанов кадрлық резевр пен дарынды адамдар ретінде «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС дамыту және сақтауға қажетті біліктілігі жоғары, сирек құзыреті мен ынтасы бар жұмыскерлерді білдіретінін атап өтті.

Компанияның қызметкерлерді басқару Қызметінде, кадрлық резервтің құрылуына басқару жұмыскерлерінің тұрақсыздығын, жаңа функционал бағыттарының ашылуын, қаржылық және материалдық ресурстардың бар болуын талдау бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын айтты.

Резервтегі жұмыскерлергі өз хабарламасын қорытындай келе, компания басшысы өз құзыретін стратегиялық, қаржылық менеджмент, жобалық басқару, цифрлік сана, қызметкерлерді басқару саласындағы дамытуға, сонымен қатар мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқу саласында құзыреттерін дамытуға шақырды.

Бөлісу бағытындағы: