ҚМГ Инжиниринг және Sinopec Engineering ынтымақтастықты нығайтуда
- 17.01.2025
- News-Kaz, News-Kk
- Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг және Sinopec Engineering ынтымақтастықты нығайтуда
- D.Arkharova
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) және GPEC Co., Ltd. (Sinopec Engineering еншілес ұйымы) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Құжат мұнай-газ химиясы саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ол Қазақстан мен ҚХР-дың жетекші инжиниринг институттары арасында бұл салада серіктестіктің әлеуетін арттыруға серпін береді деп күтілуде.
Айта кетсек, екі елдің инжиниринг компанияларының өкілдері бірінші рет KMG PetroChem ұйымдастыруымен 2024 жылдың желтоқсанында кездескен болатын. Сол кезде тәжірибе алмасу және газ сепарациялық кешен, этан мен бутан құбырлары, полиэтилен шығаратын зауыт, сондай-ақ терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат және Карбамид сияқты ірі мұнай-газ-химия жобалары бойынша бірлескен жұмыс топтарын құру мәселелері талқыланды.