Share

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Бас директоры – Басқарма Төрағасы тағайындалды

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Бас директоры – Басқарма Төрағасы тағайындалды

  • 01.02.2023
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Бас директоры – Басқарма Төрағасы тағайындалды

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап КМГ Инжинирингтің Жалғыз қатысушысы шешіміне сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы атынан компанияны ҚМГИ бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші экс-орынбасары Мәлік Сәлімгереев басқарды.    

Мәлік Жаңабайұлының отандық мұнай-газ саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар. И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтында «Геология және мұнай және газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша оқуын аяқтағаннан кейін М. Сәлімгереев «Комсомольскнефть» МГӨБ-на 5-разрядты оператор ретінде жұмысқа кірісті.

Мәлік Жаңабайұлының еңбек өмірбаянында – «Маңғышлақмұнай», «Қаражанбастермұнай», ҚазҒЗЖИмұнай, «Қазақойл», «ҚазМұнайГаз» БӨ сияқты ірі мұнай кәсіпорындарында белсенді қызмет еткен жылдары бар. Және де, ол ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-да жұмыс істеді, онда мұнай-газ активтерін басқару мәселелеріне жетекшілік етті. Сонымен қатар, Мәлік Жаңабайұлы ҚР Ғылым Академиясының Геология институтында «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша аспирантурада оқып, «Jartas systems international company» компаниясында ISO халықаралық стандарттарына сәйкес интеграцияланған басқару жүйесін жетілдіру тақырыбы бойынша біліктілігін арттырудан өтті.

Бөлісу бағытындағы: