Share

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамындағы өзгерістер

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамындағы өзгерістер

  • 23.07.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамындағы өзгерістер

2024 жылғы 5 шілдеде «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Жалғыз қатысушысының шешімімен танылған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (№ 15/202 хаттама) Бекішев Рүстем Жұмағалиұлы ҚМГ Инжиниринг Байқаушы кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Сондай-ақ, өткен отырыс аясында ҚМГ Инжиниринг Байқаушы кеңесінің мүшесі Әбенов Қайрат Жаншайұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Осылайша, қазіргі уақытта ҚМГ Инжиниринг Байқаушы кеңесінің құрамына:

–    Союнов  Нұрсейіт Жомартұлы – БК төрағасы;

–    Кұдайбергенов Қуаныш Мерекеұлы;

–    Абылханов Ержан Дауылбайұлы;

–    Есбергенова Айгүл Сағынайқызы;

–    Бекішев Рүстем Жұмағалиұлы

Бекішев Рүстем Жұмағалиұлы – «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Бюджеттеу және жоспарлау департаменті мұнай өндіру ұйымдарын жоспарлау басқармасының бастығы.

Білімі:

2008-2012 – Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «Есеп және бағалау» факультеті, «Бағалау» мамандығы.

2023-2024 Қазақстан-Британ техникалық университеті, басшыларға арналған іскерлік әкімшілік (MBA).

Еңбек қызметі:

Еңбек жолын 2012 жылы аудит департаментінің аудитор ассистенті болып бастады және консалтинг және аудит саласында қызмет көрсететін Deloitte халықаралық компаниясының аға аудиторына қызмет етті.

2017 жылдан бастап Hydroserv Group, «MH Industry» ЖШС (холдинг – «Казпетродриллинг» АҚ), «Forte Oil Field Services» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС мұнай сервисі индустриясы кәсіпорындарында түрлі басқарушы лауазымдарда жұмыс істеді.

2021 жылдан 2023 жылға дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-сервистік активтер департаментінің көмірсутек шикізатын кәдеге жарату басқармасының бас маманы, бастығы болып жұмыс істеді.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бюджеттеу және жоспарлау департаменті мұнай өндіру ұйымдарын жоспарлау басқармасының бастығы қызметін атқарады.

Бөлісу бағытындағы: