Share

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамындағы өзгерістер

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамындағы өзгерістер

  • 06.04.2023
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің құрамындағы өзгерістер

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің отырысында келесі тұлғаларды:

  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі және Төрағасы ретінде Хасанов Дәулетжан Кеңесұлын,
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі ретінде Құдайбергенов Қуаныш Мерекеұлын сайлау туралы шешім қабылданды.

Және де өткен отырыс аясында келесі шешімдер қабылданды:

  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі және Төрағасы Қ.О. Исказиевтің өкілеттігін 2023 жылғы 5 сәуірден бастап мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі Д.Е. Абдулгафаровтың өкілеттігін 2023 жылғы 9 наурыздан бастап мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер қабылданды.

Осылайша, қазіргі уақытта ҚМГ Инжиниринг Байқаушы кеңесінің құрамына сайланды:

  • Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы – БК төрағасы;
  • Құдайбергенов Қуаныш Мерекеұлы;
  • Мустафаев Мұрат Кеңесбайұлы;
  • Есбергенова Айгүл Сагнаевна;
  • Абенов Қаират Жаншайұлы.

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы, мұнай мен газды барлау және өндіру бағытына жетекшілік ететін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары:

«Экономист» мамандығы бойынша Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының және «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша Атырау Мұнай және газ институтының түлегі.

Д.Хасанов әр жылдары «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті, «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директоры, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры қызметтерін атқарды.

Құдайбергенов Қуаныш Мерекеұлы, ірі мұнай-газ жобаларының бағытына жетекшілік ететін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

Әр жылдары «Интегра» ЖАҚ бұрғылау инженері, «ҚазМұнайТеңіз» ҰК АҚ техникалық маманы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ірі мұнай-газ жобаларын дамыту департаментінің менеджері ретінде жұмыс істеді, «ҚМГ-Кансу Оперейтинг», «Ромпетрол C.A.» ЖШС басшылық қызметтерін атқарды.

2017-2021 жылдары – ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры.

2021 жылғы маусымнан 2023 жылғы қаңтарға дейін – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» бас директорының орынбасары.

    Бөлісу бағытындағы: