Share

ҚМГ Инжиниринг «ЕМГ»АҚ және «ММГ» АҚ-да «Цифрлық бұрғылау»модулін енгізуді аяқтайды

ҚМГ Инжиниринг «ЕМГ»АҚ және «ММГ» АҚ-да «Цифрлық бұрғылау»модулін енгізуді аяқтайды

  • 03.04.2023
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг «ЕМГ»АҚ және «ММГ» АҚ-да «Цифрлық бұрғылау»модулін енгізуді аяқтайды

Естеріңізге сала кетейік, «АВАІ ақпараттық жүйесін әзірлеу» жобасын іске асыру аясында жұмыстар жүргізілді.

Модуль басшысы Рустам Алдонғаров наурыз айының соңында модульдің негізгі пайдаланушыларына ҚМГИ 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Астанадағы компанияның Бас кеңсесіндегі жұмыс кездесуіне Маңғыстаумұнайгаз өкілдері – Бұрғылау және ҰКЖ департаменті директорының орынбасары Б.Батырғалиев, Ұңғымаларды бұрғылау бөлімінің бастығы Б.Амантурлиев, және де ҰКЖ және бұрғылау бөлімінің бастығы М.Асаев қатысты.

Маңғыстау облысымен бірге, Қазақстан кен орындарының басым бөлігі пайдаланудың кеш сатысында, қабат қысымын ұстап тұру, бұрғылау дәлізінің өзгеруі (құлау және сіңіру қысымының градиенттері) және т.б. бойынша тиісті қиындықтары бар екендігі өздеріңізге белгілі, бұл кен орындарын игеруді қиындатады, және де ұңғымалардың құрылыс процесіне әсер етеді. Дәл осындай сұрақтармен ММГ әріптестері бірлескен кеңес аясында ҚМГИ онлайн-бұрғылау қызметіне жүгінді.

Сонымен қатар, тараптар бүгінгі таңда көлденең және көп оқпанды ұңғымаларды бұрғылау сәтті енгізілген жақын және алыс шет елдердегі кен орындарында МШК ұлғайту және көмірсутек қорларын барынша өндіру қажеттілігінің өзекті тақырыбын талқылады. Бұл процеске бірқатар отандық жер қойнауын пайдаланушылар да қызығушылық танытуда. Айта кетейік, қызметтің осы бағытындағы тәжірибе «Ембімұнайгаз» АҚ жинақталған, онда көлденең ұңғымаларды бұрғылау жыл бойы ағынға қойылып, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.

– Маңғыстау облысында бұрғыланған көлденең ұңғымалардан алынатын өндірістің ауыспалы табысы КҰ қазу орындарын таңдау және әлеуетті дебиттерді бағалау саласында дағдыларды дамыту қажеттігін куәландырады, – деп атап өтті ҚМГ Инжиниринг өкілдері.

Кездесу қорытындылары бойынша ҚМГ компаниялар тобы аясында осы бағыттағы әлеуетті дамыту және ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бөлісу бағытындағы: