Share

ҚМГ Инжинирингте 2023 жылғы жұмыс қорытындылары мен қызмет перспективалары талқыланды

ҚМГ Инжинирингте 2023 жылғы жұмыс қорытындылары мен қызмет перспективалары талқыланды

  • 26.02.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжинирингте 2023 жылғы жұмыс қорытындылары мен қызмет перспективалары талқыланды

Компанияда басшылықтың ұжыммен жыл сайынғы есеп беру кездесуі өтті.

Оның аясында бас директор Рахым Өтеев жиналғандарға құттықтау сөз сөйледі. Ол өткен жылы жүзеге асырылған негізгі жобалар туралы хабардар етті.

– Біз ПҚОК (Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия) бойынша 38 жұмысты және  ПҚМК-да (Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия) 16 жұмысты аяқтадық. Осы жобалардың арқасында біз жыл сайын геологиялық және қалпына келтірілетін қорларды көбеюде, жаңа технологияларды енгізілуде, игеру жүйесі жобалануда. ҚазМұнайГаздың барлау жобаларының портфеліне қосу үшін 5 перспективалы учаске дайындалды, Торғай Палеозойы, Қаратон, Қаражар және т.б. геологиялық барлау жобалары, сондай-ақ Қаламқас Хазар теңіз жобалары әзірленді. Біз ҚМГ кен орындарындағы технологиялық сын-қатерлер мен МӨК арттыру бойынша Стратегиялық сессияны және ҚМГ және оның ЕТҰ тағы екі ірі стратегиялық сессияны сәтті өткіздік», – деп бөлісті компания басшысы..

Атап өтілген жетістіктердің ішінде – ҚМГИ Атыраулық филиалының базасында жаңа зертханалық кешеннің құрылысын аяқтау, ҚМГ ЕТҰ қатары бойынша ABAI  6 модулін енгізуге дайындықты аяқтау. Зертханалық қызметтер бойынша қызметті кеңейтуге және қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыруға БҚДА (Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі) келісімі алынды.

Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру бойынша бөлек ауқымды жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасау, білікті мамандарды қолдау және тарту. ҚМГИ 1615  қызметкерлері үшін сыртқы және ішкі оқыту ұйымдастырылды, Қашықтықтан оқыту жүйесінің онлайн-платформасы арқылы ҚМГ және ҚМГ ЕТҰ-ның 1210 қызметкерлері оқытылды.

2023 жылы ҚМГ Инжиниринг ҚР су ресурстары бойынша сапалы талданған деректер, сондай-ақ ЖЭК қолда бар потенциалы негізінде сутегі өндірісінің потенциалын бағалау мақсатында цифрлық диагностикалық Атласты әзірлеуге кірісті. Сутегін өндірудің әртүрлі сценарийлерін талдауға мүмкіндік беретін елдің белгілі бір аймағындағы су ресурстарының қолжетімділігі бойынша бағаланған деректерге визуализация жүргізу жоспарлануда. Жоба ҚазМұнайГаз төмен көміртекті даму және климаттың өзгеруі мәселелерін шешу бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес көміртексіздендіру мақсаттарына қол жеткізу үшін ресурс үнемдеу шараларын іске асыру және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс аясында жүзеге асырылуда.

Компанияның 2024 жылға инженерлік зерттеулер саласында жүзеге асыруға жоспарлап отырған міндеттерінің қатарында «Қаламқас-Теңіз және Хазар» жобасы аясында «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС-мен техникалық қамтамасыз ету және сараптама жұмыстарын жүргізу және келесі бағыттар бойынша кешенді техникалық-экономикалық бағалауды дайындау үшін келісімшарт жасау бар: негізгі құжаттарға сәйкес жайластыру, бұрғылау, игеру және реттеу жұмыстары. Және де Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңізді игерудің перспективалық жобаларының инвестициялық потенциалын зерделеу бойынша жұмыс жалғасатын болады. 

Бөлісу бағытындағы: