Share

ҚМГ және ҚМГИ өкілдері Орталық Азия әйелдеріне арналған халықаралық бағдарламаға қатысты

ҚМГ және ҚМГИ өкілдері Орталық Азия әйелдеріне арналған халықаралық бағдарламаға қатысты

  • 16.11.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГ және ҚМГИ өкілдері Орталық Азия әйелдеріне арналған халықаралық бағдарламаға қатысты

Білім беру турының тақырыбы жаңартылатын энергия көздеріне арналды. Қысқа уақыт ішінде сапардың мазмұнды бағдарламасы компания қызметкерлеріне жасыл энергетика саласындағы ең озық технологиялармен жабдықталған түрлі өндірістік нысандарға баруға және осы бағыттағы халықаралық әріптестердің тәжірибесін көрнекі түрде зерделеуге мүмкіндік берді.

– Бағдарлама Орталық Азия әйелдері үшін жаңартылатын энергетика секторында бірінші рет өткізіліп отыр. Орталық Азияның бес елінен қатысушылар көшбасшылық курстарынан өтіп, воркшоптарға тартылады, және де бағдарламаның әрбір қатысушысына жаңартылатын энергетика секторында табысты мансапқа ие тәлімгер бекітілді, – деді Сәуле Жолдаякова, Қазақстанға оралу қорытындысы бойынша.

Биыл Қазақстанды энергетика саласының түрлі ұйымдарының қатысушылары ұсынды: АХҚО (Astana Green Finance Centre), Worley, Самұрық-Қазына, БҰҰДБ, ҚазМұнайГаз және ҚМГ Инжиниринг және т. б.

Сапарға қатысушылар – Аязбекова Хорлан, ҚМГ Стратегия және инвестициялар портфелін басқару департаментінің стратегия басқармасының басшысы, Сәуле Жолдаякова, Баламалы энергетика департаменті директорының м.а., ҚМГИ сутегі технологияларын зерттеу зертханасының меңгерушісі және Ботакөз Сүлейменова, осы зертхананың ғылыми қызметкері «Empowering Central Asian women in Energy Sector» бағдарламасы аясында Венаға барды.

Бағдарлама бастамашылары – GWNET энергетикалық секторындағы әйелдердің жаһандық желісімен бірлесіп ЕҚЫҰ.

Бірінші күні Австрияның жетекші электр энергетикалық компаниясы VERBUND өкілдерімен кездесу өтті, олар алдағы 2030 және 2050 жылдарға арналған Австрияның энергетикалық стратегиясы және ағымдағы жобалары туралы айтты.

Қатысушылар сонымен қатар жасыл энергетика және энергия тиімділігі технологиялары, смарт үйлер мен энергия жүйелері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) нақты жағдайда сыналатын Зеештадт Асперн жетік дамыған қаласына барды.

Турдың екінші күні ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Мария Шмидтпен және ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызметінің үйлестірушісі Игли Хасанимен Орталық Азия елдері мен донор елдердің ресми өкілдерінің қатысуымен ресми кездесу өтті.

Онда Орталық Азиядағы энергетика секторындағы әйелдердің рөлі мәселелері талқыланды. Әр қатысушы өз мансап тарихымен бөлісті. Бұдан әрі UNIDO, БҰҰ ұйымының өкілдерімен тұрақты өнеркәсіптік даму мәселелері бойынша кездесу өтті. 

Үшінші күні бағдарлама қатысушыларына көшбасшылық қабілеттерін дамыту және көшбасшының өзін-өзі сәйкестендіруін анықтау үшін тренинг ұйымдастырылды.

Және де, гидроэлектростанцияларды салу бойынша ең ірі компания Andritz Hydro және сутегі энергетикасы бойынша ҒЗТКЖ жобалары өткізілетін OMV мұнай өңдеу компаниясымен кездесулер ұйымдастырылды. Қатысушылар Вена энергетикалық клубының жиналысында сөз сөйледі, және де ЕҚЫҰ-ның энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі 5-форумында мұнай мен газдың болашағы, жасыл энергетикалық революция және энергетикалық ауысуды ізгілендіру мәселелерін талқылады.

Бөлісу бағытындағы: