ҚМГ Бақылау кеңесінің құрамында өзгерістер болды
- 21.06.2022
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on ҚМГ Бақылау кеңесінің құрамында өзгерістер болды
- sdauren
Ағымдағы жылдың 15 маусымында ҚМГ Директорлар Кеңесінің соңғы отырысында ҚМГИ Бақылау кеңесінің екі мүшесі – Әшірбекова Б.С. мен Бекназарова А.Ж. өкілеттіктерін тоқтату, және де олардың орнына Есбергенова А.С. мен Әбенов К.Ж. сайлау туралы шешім қабылданды.
Осылайша, ҚМГ Инжиниринг БК қолданыстағы құрамына 2022 жылғы 15 маусымнан бастап 2024 жылғы 29 қазанға дейінгі өкілеттік мерзімімен келесі тұлғалар кіреді:
- Исказиев Құрманғазы Орынғазиұлы – Бақылау кеңесінің төрағасы
- Абдулгафаров Дастан Елемесұлы
- Мустафаев Мұрат Кеңесбайұлы
- Есбергенова Айгүл Сагнайқызы
- Абенов Қайрат Жаншаұлы
Есбергенова Айгүл Сағынайқызы 2020 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Бас есепшісі болып табылады, ол «Бухгалтерлік есеп және аудит, АХД» мамандығы бойынша «ҚазМАУ» түлегі, жоғары экономикалық білімі бар. Сонымен қатар, А.Есбергенова Халықаралық қаржылық есептілік бойынша АССА дипломына және «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ «ҚР Кәсіби бухгалтері» сертификатына ие.
Айгүл Сағынайқызы еңбек жолын 1993 жылы туған альма-матер «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған, және де әр жылдары ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде, «ҚазҚұрылысСервис» ЖАҚ жұмыс істеді, «Қазақстан Девелопмент Груп» ЖШС, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және басқа да бірқатар компанияларда бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары ретінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Жалпы алғанда, А.Есбергенованың мамандығы бойынша еңбек өтілі бүгінгі күні шамамен 30 жылды құрайды.
Әбенов Қайрат Жаншаұлы қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару Департаментінде басқарма бастығы ретінде еңбек етеді, бұл қызметке 2018 жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-нан келді. «Қайнар» Алматы университетінің Ақтөбе филиалында жоғары экономикалық білім алған, 2018 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша аяқтаған, Л.В. Ломоносов атындағы ММУ түлегі болып табылады, онда экономикалық факультетте «Қазіргі ұйымдағы персоналды басқаруды» оқыды. Қайрат Жаншаұлы «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» АҚ «Инженерлік орталық» Филиалында, «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ және басқа да бірқатар ұйымдарда жұмыс істеді.
Соңғы 5 жылда Қ.Әбенов өнеркәсіптік қауіпсіздік, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау қауіпсіздігі, кадрлық әлеуетті дамыту тақырыптарына арналған конкурстарға белсенді қатысты, «Мұнай-газ компанияларының кадрлық резервін даярлау» модульдік бағдарламасы шеңберінде оқудан өтті. Мұнай-газ бизнесін басқару, жұмысшы мамандықтар арасында ҚМГ ұйымдастырған «Үздік Маман» конкурстық комиссиясының бірнеше рет мүшесі болды.