ҚМГИ қызметкеріне Shell компаниясының гранты берілді
- 02.12.2022
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on ҚМГИ қызметкеріне Shell компаниясының гранты берілді
- sdauren
Ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру ҚМГ Инжинирингтің маңызды стратегиялық міндеті болып табылады. Оны іске асыру үшін қызметкерлер өздерінің кәсіби құзыреттерін үздіксіз арттырып отырады. Ғылыми қызметке бейім сарапшылар геология және мұнай мен газ кен орындарын игеру бағыттары бойынша Satbayev University докторантурасында оқиды.
Қазақстанда докторанттарды қорғауға жіберу халықаралық талаптарға сәйкестігі және диссертациялық зерттеулердің нәтижелерін халықаралық рейтингтік журналдарда жариялау болып табылатыны белгілі.
«Мұнай және газ геологиясы» бағдарламасы бойынша докторантурада оқу аясында зерттеулер жүргізу үшін Айнұр Жансеркеева (Ірі жобаларды қолдау департаментінің сарапшысы) ғылыми зерттеулерді қолдау үшін грант конкурсына қатысты. Бұл конкурс ғылыми потенциалды қолдау және дамыту мақсатында Халықаралық экономикалық форумның V кезеңі аясында Қ.Тұрысов атындағы Satbayev University Геология және мұнай-газ Институтының докторанттары үшін ұйымдастырылды.
Байқау ағылшын тілінде өтінім дайындауды және Shell, ENI, Chevron компанияларының шетелдік және қазақстандық өкілдерін қамтитын халықаралық комиссия мүшелерінің алдында ғылыми-зерттеу жобасын қорғауды қамтитын екі кезеңде өтті. 20 минут ішінде онлайн режимде зерттеу жұмыстарының мақсаттары мен өзектілігі, күтілетін нәтижелер мен зерттеу әдістері ұсынылды, және де комиссия мүшелерінің сұрақтарына түсініктемелер берілді.
Конкурсқа қатысу қорытындысы бойынша PhD кандидаты Жансеркеева Айнұрға биыл 800 жасқа толатын Падуи Университетінде (Италия, Падуя қ-сы) геохимиялық және седиментологиялық зерттеулер жүргізу үшін грант берілді.
Заманауи зертханалық базаны пайдалану мүмкіндігімен халықаралық ынтымақтастыққа қатысу зерттеулердің сапасы мен нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді және PhD кандидаттары үшін заманауи халықаралық стандарт болып табылады.
Гранттық қаржыландыру конкурсының талаптарына сәйкес зерттеу нәтижелері рецензияланатын Web of Science/ Scopus (Q1-Q3) журналдарында жарияланады. Айнұрға сәттілік және жұмысын сәтті қорғауды тілейміз! Докторантураға түсушілер үшін әрдайым жаңа есіктер мен жаңа мүмкіндіктер ашылады. Ең бастысы – өзіне деген сенім!