Share

ҚМГИ Атыраулық филиалында SPE директорымен кездесу өтті

ҚМГИ Атыраулық филиалында SPE директорымен кездесу өтті

  • 18.04.2023
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on ҚМГИ Атыраулық филиалында SPE директорымен кездесу өтті

Григорий Зарайский, SPE басшысы іскерлік сапар және Атырау бордымен жеке танысу және байланыс орнату мақсатында ынтымақтастықты нығайту аясында Лондоннан келді.

Бүгінгі таңда борд жобалар мен өнімді қызметті жүзеге асыруда ең белсенді болып табылады, оның мүшелері тұрақты негізде білім беру дәрістерін ұйымдастырады, воркшоптарға, конференцияларға, симпозиумдарға және т.б. қатысады. Және де, қызметкерлер SPE платформасындағы ғылыми мақалалардың авторлары болып табылады.

Кездесу нәтижелі бағытта өтті, Қазақстанның мұнай астанасындағы ынтымақтастықты жалғастыру үшін өзекті тақырыптар мен алаңдары талқыланды.


Естеріңізге сала кетейік, мұнай инженерлері қоғамы (SPE) – коммерциялық емес кәсіби қауымдастық, оның 124 800-ден астам мүшесі 134 елде мұнай мен газды барлаумен және өндірумен айналысады. SPE – бұл жеке және онлайн іс-шаралар мен оқу курстарында, басылымдарда және басқа ресурстарда ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін техникалық білімнің негізгі ресурсы. SPE-дің Даллас, Лондон, Дубай, Куала-Лумпур, Калгари және Хьюстонда кеңселері бар.

Осы жылдың соңына дейін Филиалдың әріптестері – SPE мүшелері, SPE-мен ынтымақтастық аясында APEC жоғары колледжінің студенттеріне арналған бірқатар дәрістер жоспарланған. Ауқымды жобаны іске асыру – ҚМГИ қызметкерлері үшін өздерінің soft skils және кәсіби дағдыларын дамытуға, және де компанияның сыртқы ортадағы имиджін нығайтуға кезекті тамаша мүмкіндік.

Бөлісу бағытындағы: