«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «ҚМГ Инжиниринг» ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
- 01.02.2023
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «ҚМГ Инжиниринг» ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
- sdauren
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры болып Мәлік Сәлімгереев тағайындалды.
М.Сәлімгереев бұдан бұрын «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де сарапшы, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, мұнай мен газдың жаңа кен орындарын игеру, мұнай беруді ұлғайту, өндіруге қиын қорларды тарту саласындағы ҚМГ-нің стратегиялық міндеттерін іске асыруға жетекшілік етті. Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ өндіру жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және перспективалық даму жөніндегі орынбасары, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және бұрғылау жөніндегі басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарды.