ҚазМұнайГаз мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді
- 16.07.2024
- News-Kaz, News-Kk
- Коммент өшірілген on ҚазМұнайГаз мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді
- D.Arkharova
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы «Samruk Business Academy» ЖМ бірлесіп, 2024 жылдың 18 шілдесінде сағат 11:00-де мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесін өткізеді.
Жәрмеңкенің мақсаты ‒ мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға, олардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу. Жәрмеңкеге 10-нан астам жұмыс беруші қатысады.
Үміткерлерге келесі компаниялар бос жұмыс орындарын ұсынады: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «КМГ Инжиниринг» ЖШС, «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС, «KMG-Security» ЖШС, «ПетроҚазақстан» ЖШС, «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК.
Компаниялардың ресми өкілдері өз ұйымдарының қызметі туралы ақпарат беріп, бос жұмыс орындарымен таныстырады, үміткерлердің сұрақтарына жауап береді.
Инклюзияны дамыту ҚазМұнайГаздың және барлық компаниялардың кадр саясатындағы басым бағыттардың бірі. Алдағы бос орындар жәрмеңкесінде әртүрлі салалардағы, соның ішінде: әкімшілік және өндірістік секторлар, ақпараттық жүйелер, қауіпсіздік қызметі және тағы басқа жұмыс түрлері ұсынылады.
Жәрмеңкеге қатысу үшін барлық ниет білдірушілерге 2024 жылғы 18 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де https://www.youtube.com/live/Mr3trlryC80?si=Z845EDlFKXDktTao сілтемеге өту қажет.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобындағы компанияларға қызметкерлер қарастыру мен іріктеудің бойынша барлық іс-шара www.QSamruk.kz онлайн платформасында жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар адамдарға арналған бос орындарда арнайы белгі болады. Құжаттарды сайтқа тапсыру кезінде рекрутерлер инклюзивті үміткерлерді басымдық түрде қарастыратын түйіндемеде мүгедектіктің болуын белгілеп өту керек.
Платформада ай сайын 2500-ден астам бос жұмыс орны ашылады. Тіркелу кезінде жауап жіберердің алдында үміткер түйіндеменің бос лауазымда көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеруі қажет. Өйткені жауап бірінші роботтық жүйе арқылы қарастырылады. Сәйкессіздік және тиісті ақпарат болмаған жағдайда бас тарту автоматты түрде жасалуы мүмкін.