Share

Қазақстан республикасы президентіне кандидат Қ.Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері Маңғыстау облысының мұнайшылармен кездесті

Қазақстан республикасы президентіне кандидат Қ.Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері Маңғыстау облысының мұнайшылармен кездесті

  • 17.11.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Қазақстан республикасы президентіне кандидат Қ.Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері Маңғыстау облысының мұнайшылармен кездесті

ҚР Парламентінің Мәжіліс  төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов бастаған Республикалық қоғамдық штаб құрамындағы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы, Мұсабаев Самат Базарбайұлы, Қ.Тоқаевтың сенімді өкілі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары,  Ақтау қаласындағы  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Өкілдігінің директоры Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлы, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС , ҚазмұнайгазҒЗЖИ директоры Иманбаев Бақыт Алтайұлы, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Ибагаров Максат Онгарбаевич, «Маңғыстаумұнайгаз «АҚ  бас директоры Хасанов Даулетжан Кеңесұлы қатысты.

 ҚР Парламентінің Мәжіліс  төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов , мұнайшыларға кандидаттың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламада көзделген қауіпсіз еңбек ортасын құру және жұмысшылардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды түсіндірді.

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері ауқымды саяси науқанда өлке өндірісін өркендетуге атсалысып жүрген мұнайшылар таңдауының ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ жиналғандарды сайлауға белсенді қатысып, ел болашағы үшін дауыс беруге шақырды. Өз кезегінде мұнайшылар, «Әділетті Қазақстан» құру жолында өз таңдауларын жасауға дайын екенін жеткізіп, өңірдегі өзекті мәселелер бойынша сұрақтарына жауап алды.

Бөлісу бағытындағы: