Share

Қазақстанның Халықаралық коммуникациялар агенттігінің өкілдерімен кездесу

Қазақстанның Халықаралық коммуникациялар агенттігінің өкілдерімен кездесу

  • 13.04.2023
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Қазақстанның Халықаралық коммуникациялар агенттігінің өкілдерімен кездесу

Бүгін ҚМГ Инжиниринг Тюмень облысының өндірушілерінің ҚР-дағы Өкілдігі ретінде әрекет ететін Қазақстанның халықаралық коммуникациялар агенттігінің бейнеконференциясына қатысады.

Онлайн-сессияға қатысушылар Тюмень технопаркінің мұнай-газ кластерін, атап айтқанда мұнай кешенінің жабдықтары мен технологияларын дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу аясында әлеуетті серіктестерді ҚМГИ бас директоры Мәлік Сәлімгереев қарсы алды.

Компания басшысы ҚМГИ қызметін таныстырып, бүгінгі таңда мұнай-газ саласы мәселелерінің тұтас кешені бойынша өндірістік-техникалық талдауды жүзеге асыратынын және оларды шешудің оңтайлы жолдарын іздестіруге көмектесетін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының жетекші ғылыми-техникалық орталығы болып табылатынын атап өтті.

– Біздің қызметіміздің негізгі бағыттары ғылыми-техникалық сараптамамен және кен орындарын сенімді және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету біліктілігі, өндірісті цифрландыру шеңберінде озық технологияларды енгізу, жобалық-рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу және әр түрлі бейіндегі сарапшылардың біліктілігін дамытумен байланысты.

ҚМГИ-де Ақтау және Атырау қалаларында, соңғы техникалармен жабдықталған ғылыми зертханалық зерттеулердің алдыңғы қатарлы орталықтары бар екі филиал жұмыс істейді. Жыл сайын біз халықаралық мұнай-газ конференциялары мен дөңгелек үстелдер өткіземіз, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми қызметінің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізіміне кіретін «Қазақстанның мұнай-газ саласының Хабаршысы» атты жеке Салалық рецензияланатын ғылыми-практикалық журнал шығарамыз, – деп ҚМГИ басшысы өз сөзінде атап өтті.

Бейнеконференция форматында спикерлер саланы дамыту бойынша өзекті баяндамаларды, ұңғымаларды аяқтаудағы озық шешімдерді ұсынды, мобильді бағдарламалық-аппараттық бастыру кешенін қолдана отырып, мұнай-газ ұңғымаларын игеру бойынша зияткерлік қызметтерді таныстырды, ұңғымаларды бұрғылау мен жөндеудің импортты алмастыратын технологиялары, мұнай-газ және мұнай сервистік компаниялардың қажеттіліктері үшін химиялық реагенттерді әзірлеу және өндіру бойынша сұрақтарына жауап берді, тиімді инженерлік қолдаумен және сервистік қызметтермен мұнай-газ саласы мен құрылыс үшін өзекті шешімдер туралы хабардар етті.

Бөлісу бағытындағы: