Share

Қазақстанда Сутегі энергетикасы жөніндегі ұлттық қауымдастық құрылсын

Қазақстанда Сутегі энергетикасы жөніндегі ұлттық қауымдастық құрылсын

  • 10.02.2023
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Қазақстанда Сутегі энергетикасы жөніндегі ұлттық қауымдастық құрылсын

Халықаралық ауқымдағы ең ықпалды ғалымдардың бірі ҚМГИ өкілдерімен кездесу аясында осындай ұсыныс жасады.

Бұл Онтарио университетінің Технологиялық институтында зертхананы басқаратын және 123-тен астам ғылыми жұмыстардың авторы, және де Web of Science және Scopus құрамына кіретін энергетика саласындағы 4 жетекші ғылыми журналдардың бас редакторы, Сутегі энергетикасы жөніндегі Түрік қауымдастығының негізін қалаушы профессор Ибрагим Динсер туралы.

Жақында ҚМГ Инжиниринг баламалы энергетика Департаментінің қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен профессордың дәрісіне қатысты.

 Ғалымның зерттеулерінің негізгі бағыты – баламалы энергетика, әсіресе төмен көміртекті сутегін өндіру және қолдану технологиясы. Соңғы тоғыз жылда профессор Thomson Reuters инженериядағы ең ықпалды ғалымдардың бірі және ең көп сілтеме жасалған зерттеушілердің бірі ретінде танылды. Бірқатар ғылыми жұмыстар коммерцияландыру кезеңінен өтіп, өнеркәсіпке сәтті енгізілді.

ҚМГИ қызметкерлерінің профессормен алғашқы кездесуі 2022 жылдың мамыр айында өткендігін айта кету керек, Сутегі энергетикасы жөніндегі дүниежүзілік конференцияға қатысу кезінде Департамент директорының м.а. Сәуле Жолдаякова Қазақстандағы сутегі энергетикасын дамыту болашағы туралы мақаланы таныстырып өтті. БЭД қызметкерлерімен кезекті кездесу барысында профессор ҚМГИ сарапшыларын ағымдағы жылы сутегі энергетикасы жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуға шақырды, және де Қазақстанда жаңа саланы дамыту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті, атап айтқанда, Қазақстанда сутегі энергетикасы жөніндегі Ұлттық қауымдастықты құруды ұсынды.

Бөлісу бағытындағы: