Share

Ынтымақтастықты нығайту

Ынтымақтастықты нығайту

Назарбаев Университетінде Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы ұйымдастырған жыл сайынғы «Employer Appreciation Event» іс-шарасы өтті.

Осы шара аясында «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС университет студенттері мен түлектерінің кәсіби дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Айта кетейік, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС мен Назарбаев Университеті арасындағы ынтымақтастық 2021 жылы басталды және содан бері белсенді дамып келеді. Әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам таяуда қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум болды, ол бірнеше негізгі бағыттарды қамтиды:

• Білім беру қызметі және қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

• Сутегі энергетикасы мен көмірқышқыл газын сақтау технологияларын қоса алғанда, баламалы энергетика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары.

• Қабаттардың мұнай беруін арттыру әдістеріне бағытталған зерттеулер.

Тек осы жылдың өзінде 17 НУ студенті ҚМГИ бөлімшелерінде практикадан өтті, бұл студенттердің нақты өндірістік процестерге тартылу деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

Айта кету керек, қазіргі уақытта ҚМГИ-нің 3 қызметкері докторантура бағдарламалары бойынша білім алуда, ал 18 қызметкері Назарбаев Университетінің түлектері болып табылады, бұл бірлескен бастамалардың табысты болуын және олардың сала үшін білікті кадрлар даярлауға қосқан үлесін көрсетеді.

Бөлісу бағытындағы: