Share

Халықаралық конференция «Өтпелі кезеңдегі энергия – болашақтың энергиясы»

Халықаралық конференция «Өтпелі кезеңдегі энергия – болашақтың энергиясы»

  • 23.10.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on Халықаралық конференция «Өтпелі кезеңдегі энергия – болашақтың энергиясы»

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Өтпелі кезеңдегі энергия – ертеңгі күн энергиясы» көшпелі көрмесінің ашылуына арналған конференция өтті. Конференцияны Федералдық Сыртқы істер министрлігі мен Германияның Алматыдағы Бас консулдығының тапсырысы бойынша GIZ ұйымдастырды.

Талқылаудың негізгі тақырыптары жасыл сутегідегі инновациялар, жаңартылатын энергия технологиялары және жасыл энергетика саласын дамыту үшін қажетті дағдылар мен зерттеулер болды. GIZ шақыруымен «Жасыл сутегі және жаңартылатын энергия көздері саласындағы зерттеулер мен инновациялар» сессиясының баяндамашысы ретінде Сутегі технологиялары ғылыми-зерттеу зертханасының аға инженері Шадыкулова А.Н. қатысты.

Баяндама тақырыбы – «Hydrogen Technologies Research Laboratory – Research activities, projects and cooperation».

Презентация барысында зертхананың ғылыми-зерттеу қызметі, жобалары мен серіктестері талқыланды. Баяндамашылар қатарында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары – Ербол Ізбергенов, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі – Ақерке Абылайхан, HyrasiaOne, Semurg Invest компанияларының, сондай-ақ German-Kazakh Institute, Anhalt University of Applied Sciences, Sapienza University of Rome, Energo University, Yessenov University Ташкент мемлекеттік техникалық университеті сияқты жоғары оқу орындарының өкілдері болды.

Бөлісу бағытындағы: