Share

Тәуелсіз Қазақстсанда туылғаныма және өскеніме қуаныштымын

Тәуелсіз Қазақстсанда туылғаныма және өскеніме қуаныштымын

  • 07.12.2021
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Тәуелсіз Қазақстсанда туылғаныма және өскеніме қуаныштымын

 Тәуелсіздік Құрдастары олардың артында қиын 90-шы жылдардағы қарапайым емес балалық шақ, шапшаң дамып жатқан мемлекетте есею, отбасы әл-ауқатының өсуі және оқу алатын үлкен мүмкіндіктердің болуы. Олардың біреуі, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау бөлімінің мұнай өңдеуді қарқындату және қабаттың беруін арттыру қызметінің жетекші инженері Тимур Испанбетов.

  Тимур Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау деген кішкентай қалада туылды және өсті, және отбасында өз өмірін мұнайгаз саласымен байланыстарған алғашқы адам. Тимурдың анасы сән саласында жұмыс істейді, ал әкесі жүктерді тасымалдаумен айналысады. Сондықтан, ұлының мамандықты таңдауы ата-аналары таңқалдырды, бірақ толық қолдады.

    Тимурдың айтуынша, оның арманы болып ҚБТУ-де мұнайгаз факультетіне оқуға түсу болды және ол жас адамның мақсаткерлігі арқасында шынайылыққа келді және оның алдында ары қарай дамудың мүмкіндіктері ашылды.

– Мен Ресейде Пермь Мемлекеттік Университетінде (ПМУ) экономикалық факультетінде магистратурада оқу конкурсын сәтті өттім және екі диплом бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы Манчестер Метрополитан Университетінде магистр дипломын алу мүмкіндігіне ие болдым. Техникалық мамандарға экономика мен менеджмент саласында білім алу мүмкіндігін беру мақсатында Пермьдегі «Менеджмент» және Манчестердегі «Project Management» мамандықтары бойынша «Халықаралық мұнайгаз бизнес» бағдарламасына «Лукойл Оверсиз Лтд» мұнай компаниясы қаражат бөлді. Пермь университетінің өте мықты мұғалімдік құрамын атап кеткім келіп тұр. Бағдарлама бойынша барлық екі жыл оқу уақытында біз «Лукойл Оверсиз» еншілес компанияларының біреуіндеге өндірістік-шаруашылық қызметін жетілдіру жобасына тартылдық. Win-win форматында біз қысқа мерзім ішінде экономика мен менеджмент саласында білім алдық және сол жерде ұсыныстар бердік. Нәтижесінде, компания жұмыс үдерістерінде жаңа көзқарастар алып отырды. Менің ойымша, Қазақстанда ұқсас бағдарламаларды жүзеге асыру қызық болушы еді, – деп Тимур бізге сұхбат берді.

      Жоғарыда айтылған бағдарлама бойынша магистранттарға арналған тағы бір қуанышты бонус ретінде И.М. Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік Мұнай және Газ Университетінің «Мұнайгаз корпорациясының стратегиялық басқару менеджері» біліктілігін ұсынумен бірге кәсіби қайта дайындау дипломы болды, ол жерде олар MBA бағдарламаларына ұқсас курстарды өтті. Манчестерде болса жалпы жобалық менеджмент пен жобалық басқаруға көңіл бөлінді – өтек қызық және болашағы бар бағыт.

   Қазір, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау бөліміндегі өзінің жұмыс қызметі аясында, Тимур мұнайберуді арттыру әдістерімен (МАӘ) байланысты, соның ішінде полимерлі суландыру жобаларында маманандырылуда. Олар мұнай кенорындарын өңдірумен бірге аралас салалардағы білімді де қажет ететін күрделі және қызық жобалар болып табылады. Тимурдың айтуынша, ол екі кенорындарда полимерлі суландыру жобаларын қадағалайды. Олардың біріншісінде жоғары сулану мәселесі болды. Полимерлі суландыру жобасын жүзеге асыру уақытында сулану деңгейі, деңгейі жылына орташа мөлшерде 10%-ға төмендеген мұнай өңдеу деңгейі сияқты тұрақтандырылды. Екінші жоба сынамалы-өндірістік сынақтар (СӨС) аясында жоғары тұтқырлығы бар мұнай кенорындарында 2 жылдан астам уақыт жүзеге асырылып жатыр. Қазір, осы жобада СӨС учаскесінде мұнайдың нақты өңдеудің артуы және базалық нұсқамен салыстырғанда сулану 10-15% төмендеуі байқалып жатыр. Болашақта, жобаның үлкею мүмкіндіктері бар. 

– Менің кәсіби мақсатым – осы тар шеңберлі мамандықта өсу және осы бағытта мемлекетте жетекші сарапшылардың біреуі болу. Мен үшін ынта ретінде: МАӘ жобаларын бастау, тәжірибемен алмасу үшін жергілікті және шетелді әріптестерімен байланысу және осындай жобаларды Қазақстан кенорындарында енгізу келешегі. Жоғарыда айтылғандардың бәрін жинақтағанда, өзімнің Қазақстанда туылғаныма және өскеніме қуанышты екенімді айта кеткім келеді. Менің алдымда Ресей мен Ұлыбританияда жетекші оқу мекемелерінде мұнайгаз саласы бойынша кәсіби білім алу мүмкіндіктері ашылды. Менің ойымдағы болашақ Қазақстан – дүниежүзінің геополитикалық картасындағы тәуелсіз нысан, өзінің нақты даму стратегиясымен және мемлекет азаматтары – осындай мемлекеттің нағыз құрылысшылары – үшін құралған ең жақсы жағдайлары бар мемлекет. Болашақ Қазақстанда біздің дәстүрлі өндірістік салаларға және уақыт өте келе пайда болатын салаларға сүйенетін мықты және тұрақты экономика болатынына сенімдімін, – деп біздің мемлекетіміз Тәуелсіздігінің құрдасы қорытындылады.

Бөлісу бағытындағы: