Share

Тәжірибемен алмасу және лайықты танылған жұмыстар

Тәжірибемен алмасу және лайықты танылған жұмыстар

  • 23.05.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Тәжірибемен алмасу және лайықты танылған жұмыстар

Ағымдағы жылдың 17-18 мамырында Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ҰАҚ өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында көмірсутегі шикізаты ресурстары мен қорларын арттырудың өзекті мәселелері талқыланды. Конференция жұмысына ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалының жас мамандары қатысты. Олар ұсынған баяндамалар қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және оларды комиссия конкурстық жұмыстар түрінде қарайтын болады, ал олардың бірнешеуі қазірдің өзінде жоғары атап өтілді. 

Конференция барысында Қазақстан, таяу шетел, Қытай, Франция, РФ, Камерун, Иран және басқа елдердің жетекші мамандары өз жұмыстарын ұсынды.  

– Конференция маған өте жақсы әсер қалдырды. Біз әріптестерімізбен тәжірибе алмасуға,  олардың баяндамаларын тыңдауға жақсы мүмкіндік алдық. Барлық жұмыстар өзекті болды, әсіресе университет студенттерінің баяндамаларын атап өткім келеді. Олар қиын өндірілетін мұнайдың тұтқырлығын төмендету әдістері туралы мәселені көтерді, – деп ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалының Геология және геологиялық барлау қызметінің аға инженері Гаухар КОКЫМБАЕВА атап өтті. 

Айтпақшы, Э. Ермековпен бірлесіп жасаған Г.Кокымбаеваның екі жұмысы да «Прорва кен орындары тобының үлгісінде Қаратон-Сарықамыс блогының алдындағы қабатты флюидтер шегіндегі PVT қасиеттерін модельдеу» конференцияда үздік деп танылып және Э. Ермеков пен Р. Досниязовпен бірге «Тайсойған блогындағы PVT қасиеттерін Уаз, Шығыс Уаз және Солтүстік Уаз кен орындары үлгісінде модельдеу» ең үздік деп танылды және «Известия» газетінде ағылшын тілінде жарияланады. 

Және де, ҚМГ Инжиниринг Атыраулық филиалының мұнай, су және тау жыныстарын геохимиялық зерттеу зертханасының меңгерушісі Есімхан Сейітхазиевтің М.Ибагаровпен бірлесіп жасаған «Мойынқұм иініндегі (Оңтүстік Қазақстан) газ конденсатты кен орындарының конденсатын, газын және кернін кешенді геохимиялық зерттеу» жұмысы жоғары бағаланды, ол ең кең және үлкен эксперименттік потенциалға ие деп атап өтілді.

Осыған ұқсас, Атыраулық филиалдың жас маманы – КГМ, КТМ, КОА, УО кен орындарын игеру қызметінің инженері Гүлжанат Дұзбаева «Карбонатты коллекторлардан құралған кен орындарында өндірілетін мұнай қорларын алдын ала бағалау» баяндамасын сәтті жасады.

Бөлісу бағытындағы: