«Тиімді коучинг – жылдам коучинг»
- 18.10.2022
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on «Тиімді коучинг – жылдам коучинг»
- sdauren
Осындай ұранмен жақында ҚМГИ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметкерлері үшін ҚМГ Инжиниринг Құзыреттілігін дамыту қызметі ұйымдастырған алғашқы «SPEED COACHING» өтті.
Барлық шақырылған қатысушылар жоғары белсенділік танытты, соның арқасында шағын сессиялар форматында коучинг жобасымен танысып қана қоймай, ең маңызды сұрақтарға жауап тапты.
Ұйымдастырушылардың ойынша, өткен іс-шараның басты мақсаты шақырылған қонақтарға бейресми жағдайда сарапшылармен тілдесу арқылы жаңа қырларын ашуға мүмкіндік беру, одан әрі жұмыс істеу үшін сәйкес коучті таңдау және ең қысқа мерзімде қойылған мақсаттарға жету болды. Сессия барысында және олардың қорытындылары бойынша қатысушылардың пікірлеріне қарағанда, қойылған миссияға сәтті қол жеткізілді және жоба күткен нәтижнлнрден асып түсті.
– «Өте керемет тепе-теңдік қатынасы. Мен өзімде қай сфераның төмен деңгейде тұрғанын түсіндім. Уақыт нәтижелі және мазмұнды өтті. Мен ақылды кеңестер мен нұсқаулар ала алдым. Сондай-ақ, мені қызықтырған барлық сұрақтарды коучке жолдап, жауаптар алдым және әрі қарай қайда және қалай қозғалу керек бағытын алдым. Мен коучпен жүзеге асырғым келетін жоспарларыммен бөлістім және оның арқасында қысқа мерзімде оларға жетудің нақты жолдарын алдым», – деп «SPEED COACHING» қатысушыларының бірі бөлісті.
– «Бақытты болатыныма сенімдімін, қорқынышымды 10 минутта жеңдім және бұл өте керемет! Жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін, коучпен тілдескеніміз үшін, осындау мүмкіндік бергеніңіз үшін, қорқынышты жеңгенім үшін алғыс айтамын», – деп ұйымдастырушыларға жобаның тағы бір шабыттанған қатысушысы осындай пікір қалдырды.
– «Маған бәрі ұнады. Кездесу нәтижелі болды және өзім үшін коуч-сессиядан көп нәрсе алдым. Бұл өте пайдалы болды, бір сұрақты талдадық».
– «Өте жағымды және тамаша. Мен неден қорқатынымды түсіндім. Оған арналған өте күшті құрал. Маған коуч қатты ұнады, 10 минут ішінде маған проблемамды табуға көмектесе алды. Мен тағы да жазылатыныма сенімдімін, – келушілер коучпен кездесу қорытындысы бойынша осындай сүйсінген бағалар қалдырды.
– «Маған тәсіл ұнады, ерекше. Коуч маған не қажет екенін және оның қаншалықты маңызды және шұғыл екенін түсінуге көмектесті. Осылайша сіз фокусты қажет еместен алып тастай аласыз және маңызды нәрсеге бейімделе аласыз».
– «Коучингпен және жеке және компаниядағы мансаптық өсу тұрғысынан даму нұсқаларымен танысуға мүмкіндік бергеніңіз үшін рахмет».