Сутегі энергетикасын дамыту – перспективалары мен мүмкіндіктері
- 03.10.2022
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on Сутегі энергетикасын дамыту – перспективалары мен мүмкіндіктері
- sdauren
28 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін ҚМГ Инжиниринг Сутегі энергетикасы жөніндегі құзыреттілік орталығының өкілдері – Сәуле Жолдаякова (Құзыреттілік орталығы басшысының м.а.), Дәулет Жақыпов (аға инженер) және Ердәулет Әбуов (Сутегі технологияларын зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері) Алматы қаласында бірқатар іс-шараларға қатысты.
KIOGE 2022 – «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ МЕН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
KIOGE конференциясында төмен көміртекті экономика жағдайында мұнай-газ саласын дамыту перспективалары талқыланды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да ESG практикасын ендіру мысалдары көрсетілді. Энергетика министрлігі мен «KazEnergy» қауымдастығының өкілдері көміртекті бейтараптық доктринасын дайындау мәртебесі туралы баяндады, онда сутегі Қазақстандағы ауыр индустрия, көлік және энергетика секторларын декарбонизациялаудың маңызды құралы болатыны белгілі болды. Және де Құзыреттілік орталығы басшысының м.а. Сәуле Жолдаякова «Қазақстанда сутегі энергетикасын ендіру мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.
VII World Petroleum Council Youth Forum – ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АУЫСУ: ҰРПАҚТАР ДИАЛОГЫ
VII WBC Youth Forum негізгі тақырыптары энергияның ауысуы, табиғи газдың декарбонизациядағы рөлі, цифрландыру және ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік болды. Орталық өкілі Оман Энергетика министрлігінің, Швейцарияның UNECE кеңсесінің сарапшыларымен және ENI компаниясының өкілімен бірлесіп сутегі энергетикасына арналған сессияда «сутегі энергетикасын дамытудағы R&D рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Форум әлемнің түрлі қалаларында өткізіледі. Форум бұрын Пекин, Париж, Нью-Дели, Калгари, Рио-де-Жанейро және Санкт-Петербургте өткізілген. Биылғы іс-шара Алматыда, Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің базасында өтті.
Energetika 21 – Қазақстандағы сутектің декарбонизациясы және рөлі
Қазақстан – неміс университеті ұйымдастырған семинарда халықаралық тәжірибе мәнмәтінінде, және де халықаралық күн тәртібі мен әлемдік нарықтарға қолжетімділікті ескере отырып, Қазақстанды декарбонизациялау мәселелері қаралды. Сутектің Қазақстандағы декарбонизация құралы ретіндегі және Еуропа нарықтары үшін экспорттық тауар ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Және де, UNECE Орталық Азия елдерінің сутегі әлеуетін бағалау бойынша зерттеу нәтижелері көрсетілді.