Share

СУТЕГІ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУ

СУТЕГІ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУ

Осы жылдың 7 қыркүйегінде Алматы қаласында өткен «Қазақстан-Герман сутегі ынтымақтастығы: статус-кво және перспективалар» атты  конференциясына сутегі энергетикасы компетенция орталығының әріптестері қатысты. Іс-шара шеңберінде сутегі мен оның туындыларының Германия мен ЕО экспорттық әлеуеті, сондай-ақ ішкі нарықты табысты қалыптастыруға ықпал ететін нақты практикалық тәсілдері қаралды.

Панельдік сессияда сутегі энергетикасы бойынша компетенция орталығы басшысының м. а. Сәуле Жолдаяқова орталықтың қызметі мен міндеттері туралы ойларымен бөлісіп, сутегі энергетикасын дамыту үшін алдағы қажетті бастамаларды – жасыл сутегі бойынша жобаларды іске асыру үшін су ресурстарының атласын құруды, сутегі энергетикасы бойынша стандарттарды әзірлеуді және біздің мамандарымыздың әлеуетін одан әрі арттыруды айтты. 

Конференцияның мақсаты-нақты шаралар мен идеяларды белгілеу, сондай-ақ екі елдің сутегі саласының (Үкімет, бизнес-қауымдастықтар, компаниялар, ғылым, азаматтық қоғам) негізгі қатысушылары арасында кәсіби байланыстар орнату болып табылады.

Бөлісу бағытындағы: