Семинар «ҚМГИ-дегі сутегі және баламалы энергетика»
- 11.07.2024
- News-Kaz, News-Kk
- Коммент өшірілген on Семинар «ҚМГИ-дегі сутегі және баламалы энергетика»
- D.Arkharova
ҚМГИ Атырау филиалында «Сутегі технологияларын зерттеу зертханасының» сарапшылары «Баламалы энергетика департаментінің» әріптестерімен бірлесіп «ҚМГИ-дегі сутегі және баламалы энергетика» тақырыбында гибридті форматта семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – Атырау филиалының қызметкерлерін ҚМГИ сутегі командасының жұмысымен таныстыру. Бүгінде әлем экономиканы декарбонизациялаудың маңыздылығын сезінуде және көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің оңтайлы нұсқаларын іздеуде. Олардың бірі сутегі энергетикасы болып табылады, ал оның барлық даму тізбегі әртүрлі сатыда.
Семинар барысында ҚМГИ Атырау филиалының қызметкерлері сутегі және баламалы энергетика, су мәселелері, сутекті сақтау және тасымалдау әдістері бойынша және осы саладағы өзекті зерттеулер бойынша өз біліктіліктерін арттырды. Семинарға қатысушылар 2022-2031 жылдарға арналған ҚМГ төмен көміртекті дамыту бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан төмен көміртекті сутегі, су атласы, метан шығарындыларын басқару жобалары туралы толығырақ білді. Семинар барысында зертхананың инфрақұрылымы, зерттеу жобалары және зертхананың серітестіктері таныстырылды.
Семинарға ҚМГИ Атырау филиалының 40-тан астам қызметкері қатысты, олардың арасында алынған ақпаратты бекітуге арналған сауалнама өткізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша «Қонауқаттық флюидтерді зерттеу зертханасының» аға инженері Айгүл Жанмолдина мен сол зертхананың жетекші инженері Қуаныш Зейнолла үздік нәтижелер көрсетті.
Семинар шеңберінде көтерілген тақырыптар бойынша семинардың оффлайн қатысушыларымен талқылаулар өткізілді, онда спикерлер қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.