Оқу сессиясының қорытындысы бойынша ҚМГИ-де жеңімпаздар анықталды
- 23.11.2022
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on Оқу сессиясының қорытындысы бойынша ҚМГИ-де жеңімпаздар анықталды
- sdauren
Құрамында 5 команда бар кадр резервінің қызметкерлері компанияның басшылық құрамынан құралған конкурстық комиссияға өз жобаларын таныстырды (комиссия төрағасы Б.К. Хасанов, комиссия мүшелері – Ж.К. Нұғманов, А.В. Свешников, Р.Г. Хайретдинов және И.Д. Васильев)
Резервте тұратын қызметкерлер командаларының жобаларын қорғау қорытындысы бойынша комиссия бірінші орын иегерлерін жариялады.
«ABAI» АЖ коммерцияландыру» жобасымен «Абай жолы» командасы жеңіске жетті.
Команда мүшелері:
Бегимбетов Олжас Бауыржанұлыч
Бекмагамбетова Гүлжан Жұмабекқызы
Аманиязов Есенғали Алдабергенұлы
Жайканов Әлібек Бериккалиұлы
Жапаров Нұрлан Султангалиұлы
Похилюк Марина Валерьевна
Және де «Ең инновациялық шешім» атағының номинациясы «Қожасай» кен орнында көп оқпанды ұңғымаларды қолдану» жобасын таныстырған «Fish Bone» командасына берілді.
Ал «Үздік командалық жұмыс» «Красные» командасы жұмыс істеген «ӨМГ» АҚ мұнай жинау жүйесінде парафиндердің тұнбасын алдын алу» жобасы болды.
Конкурс шарттарына сәйкес жеңімпаз жобаның авторларына, егер ол 2023 жылы іске асырылған жағдайда, ҚМГ Инжиниринг шетелде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ДИБ іске асыруға белсенді қатысатын резервте тұратын қызметкерлер ҚазМұнайГаз бас компаниясының резервте тұратын қызметкерлер пулын қарау және кейіннен тізімге енгізу үшін жіберілетін болады.