Орта Азияның мұнай-газ жобалары – болашағы мен өзектілігі
- 05.04.2023
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on Орта Азияның мұнай-газ жобалары – болашағы мен өзектілігі
- sdauren
ҚМГ Инжинирингте Орталық Азиядағы ірі мұнай-газ жобаларын талқылау мәселелеріне арналған ресейлік компания өкілдерімен бірлесіп тәжірибе алмасу бойынша дөңгелек үстел өтті.
Оның аясында ҚМГИ мен ресейлік компаниялардың өкілдері қатысып, ГБЖ кезінде перспективалы құрылымдарды геологиялық бағалаудың өзекті мәселелерін; PVT құзыреттілік орталығы қызметінің бағыттарын талқылады, және де Мәскеу мұнай-газ бизнесі институты мен «НОВАТЭК» КАҚ және «НОВАТЭК НТЦ» ЖШҚ жобаларымен танысты.
Жиналған қонақтарды ҚМГИ бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов қарсы алды. Өз сөзінде ол пікір алмасу қажеттілігі Қазақстанның мұнай-газ саласы мен Ресей алдында тұрған ортақ мәселелердің өзектілігінен туындағанын атап өтіп, бұл кездесу екі елдің мұнай-газ саласының өкілдерін ортақ іс айналасында біріктіруге, пікір алмасу, білім және өзара ынтымақтастық үшін алаң қалыптастыруға арналғанын атап өтті.
Сондай-ақ, қонақтарға компанияның қызметі туралы мәліметтер ұсынылды және ҚМГИ негізгі департаменттерінің, оның ішінде Геологиялық блоктың жұмыс нәтижелері туралы ақпарат берілді, оны Алдын ала барлау қызметінің басшысы Жандос Шарипов ұсынды. Негізгі спикер PVT құзыреттілік орталығының басшысы Клара Күнжарикова болды. Ол Құзыреттілік орталығының қызметі туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Сөз сөйлеу барысында қонақтарға «Новатэк» ЖШҚ өкілдерінің жоғары қызығушылығын тудырған ABAI АЖ «Қабаттық сұйықтықтар» модулі ұсынылды. Атап айтқанда, олар ҚМГИ сарапшыларының күшімен жүзеге асырылып жатқан Big Data толық масштабты жобасының жасанды интеллекттің даму деңгейі мен ауқымына таң қалды. ABAI жүйесі барлау және мұнай өндіру блогының деректерін бір ақпараттық кеңістікте біріктіреді, бұл деректердің үлкен массивін талдауға, күрделі тапсырмаларды шешу үшін жасанды интеллектті қолдануға және талдау нәтижелерін ыңғайлы түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар перспективалық ынтымақтастық аясында қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша жинақталған тәжірибелермен өзара алмасудың жөнделген тәжірибесін жалғастыруға, және де тұрақты негізде ұқсас форматта сараптамалық кездесулер өткізуге дайын екендіктерін білдірді.