Share

Модульдiк бағдарламалар

Модульдiк бағдарламалар

«ҚазМұнайГаз» ҰК компаниялар тобы қызметкерлерінің техникалық және жеке-іскерлік құзыреттерін қолдау және дамыту мақсатында «Бас геолог», «Кәсіби шебер», «Игеру жөніндегі инженер», «Механик» бағыттары бойынша оқудың модульдік бағдарламалары дайындалып, іске асырылуда.

Осы бағдарламаларды ұйымдастырудың мақсаты ҚМГ компаниялар тобының бағыттары бойынша қызметкерлер арасында байланыс жасау және тәжірибе алмасу үшін бірыңғай алаң құру, кәсіби және жеке-іскерлік құзыреттерді дамыту, және де ҚМГ ЕТҰ қатысушылары арасында көшбасшыларды іздеу болып табылады. Сонымен қатар, модульдік бағдарламалардың маңызды құрамдас бөлігі және ерекшелігі компания үшін практикалық құндылығы бар жобалық жұмыстарға қатысушылардың дамуы болып табылады.

2019-2021жж. кезеңінде жоғарыда аталған модульдік бағдарламалар аясында ҚМГ келесі ЕТҰ 180-ге жуық қызметкерлері оқытылды: «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Oil Service Company» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК).

Модульдік бағдарламаларды ұйымдастыру қорытындысы бойынша «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС ЕТҰ жобалау жұмыстарының нәтижелерін, және де қатысушылардың техникалық және жеке-іскерлік құзыреттері бойынша қорытындылары бар толық есепті ұсынады. Ұсынылған ақпаратты ЕТҰ кадр қызметтері келесі жылға қызметкердің ЖҚБ қалыптастыру кезінде пайдаланады.