«Кәсіби механик» бағдарламасының жобаларын қорғау
- 30.06.2022
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on «Кәсіби механик» бағдарламасының жобаларын қорғау
- sdauren
«Кәсіби механик» бағдарламасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің қолдауымен 2021 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ 16 қызметкері үшін іске қосылды. 4 модуль бойы бағдарламаға қатысушылар оқыту курстарынан өтіп қана қоймай, 2 командаға бөлініп, жобалармен жұмыс істеді. Әр командаға ӨМГ сарапшыларының арасынан куратор тағайындалды.
Осылайша, 2022 жылғы 29 маусымда 2 команда сараптау комиссиясының алдында өз жұмыстарын ұсынды:
Команда | Жобалау жұмыстарының атауы | Жоба кураторы |
Жігер | Резервтік мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының қажеттілік нормасы | Абиев Аманжол Сагинович –«Өзенмұнайгаз» АҚ Механика департаментінің директоры |
Бәйтерек | Жабдықтың бар болуы және қозғалысын паспорттау және сандық есепке алу | Бекетаев Темирали Нурлыевич – «Өзенмұнайгаз» АҚ Механика департаментінің жетекші механигі |
Сараптау комиссиясының құрамына ӨМГ келесі басшылары кірді:
- Коптлеев Ермек Сүйесінұлы – «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының адам ресурстары жөніндегі орынбасары
- Бигелдиев Мамбет Амантұрлиыұлы – «Озенмунайгаз» АҚ Персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры
- Сариев Самат Сүндетұлы – МГӨБ-1 Бас механигі
- Шыракбаев Алибек Сауытбайұлы – МГӨБ-3 Бас механигі
Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша командалар келесі номинациялар бойынша марапатталды:
«Бәйтерек» командасы – «Ең үздік технологиялық шешім».
«Жігер» командасы – «Жобаның үздік презентациясы».
Сонымен қатар, бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар берілді, және де барлық оқыту барысында өздерін ерекше көрсеткен бірқатар қатысушылар атап өтілді.
Тренерлердің 4 модуль бойынша сауалнамасының нәтижелері бойынша бағдарламаның ең белсенді 6 қатысушысы анықталды:
1. Нұрлан Бауыржан – МГӨБ-4 №7 мұнай және газ өндіру цехының аға механигі (жабдықтарды жөндеу жөніндегі);
2. Кушкинбаев Куандык – МГӨБ-2 №2 ұңғымалардың жерасты жөндеу цехының МГЖ механигі;
3. Джанжигитов Раис – МГӨБ-4 Механикалық бөлімінің механигі
4. Джолдасбаев Дархан – МГӨБ-2 №9 мұнай және газ өндіру цехының аға механигі (жабдықтарды жөндеу жөніндегі);
5. Нуримбаев Медет – МГӨБ-1 жерасты жабдығының диагностакасы және жөндеу цехының механигі (жабдықтарды жөндеу жөніндегі);
6. Келимбердыев Рустам – МГӨБ-3 №1 мұнай және газ өндіру цехының аға механигі (жабдықтарды жөндеу жөніндегі).