Share

Жас мамандарға арналған команда құру тренингі

Жас мамандарға арналған команда құру тренингі

  • 29.11.2022
  • News-Kaz
  • Коммент өшірілген on Жас мамандарға арналған команда құру тренингі

Оқуға ҚМГИ Бас кеңсесінің Жас мамандар кеңесінің өкілдері, және де Атыраулық және «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» филиалынан шақырылған әріптестер қатысты.

Шараның ұйымдастырушылары БК Жас мамандар кеңесі мен Оқуды ұйымдастыру қызметі болды.

Оқуды сертификатталған бизнес-тренер, бизнес-кеңесші, бағалаушы сарапшысы Галина Саринова жүргізді. Галинаның тренер ретінде 20 жылға жуық тәжірибесі және кеңес беру саласында 12 жылдық тәжірибесі бар. Ол менеджмент, персоналды басқару, бағалау, рекрутинг және басқа да танымал бағыттарда жұмыс істейді.

– Ұсынылып отырған оқу форматы жас мамандардың әрі қарай кәсіби өсуі мен тұлғалық мотивациясын дамыту үшін қажетті біліктілікті дамытудың тиімді және ең көп ұсынылатын әдістерінің бірі болып табылады. Тренинг қатысушыларға бар қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге және командалық жұмыста тереңірек білім алуға мүмкіндік берді, – деп ҚМГИ Оқуды ұйымдастыру қызметінің инженері Ақсонар Нұрғалиева хабарлады.

Іс-шараға тікелей қатысушыларының бірі, БК ЖМК төрағасы Данияр Құсманов жас мамандардың бүкіл тренинг барысында көрсеткен жоғары құштарлықтары мен қызығушылықтарын атап өтті. Оның ойынша, бұған бейресми жағдайда өткен тренингтің ерекше эмоционалды атмосферасы ғана емес, сонымен қатар командалық қарым-қатынас тақырыбына терең бойлау ықпал етті.

– Бірлескен күш-жігер мен тренердің жұмысының арқасында біз команданы одан әрі дамыту жоспарын және командалық қарым-қатынас ережелерін жасай алдық, бұл Жас мамандар кеңесін болашақта бұдан да мықты және тиімді етеді. Қатысушылар мен ұйымдастырушыларға қиын жағдайларда команда құруға және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс айтқым келеді, – деп ЖМК басшысы бөлісті.

Анықтама: Жас мамандар кеңесі компанияның 29 жасқа дейінгі жас қызметкерлерін біріктіру, және олардың дамуы мен потенциалын жүзеге асыруға белсенді ықпал ету мақсатында 2016 жылы құрылған «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС консультативтік-кеңестік органы болып табылады.

Бөлісу бағытындағы: