Арман Таубаев: жұмысқа түбегейлі берілу
- 22.02.2022
- News-Kaz
- Коммент өшірілген on Арман Таубаев: жұмысқа түбегейлі берілу
- sdauren
Арман Таубаевтың біздің командадағы еңбек жолы 17 жыл бұрын зертханашы лауазымынан басталды. Оның айтуынша, өткен жылдар ішінде ҚМГИ командасында ол кең ойлауды, белсенді түрде бастама көтеруге, өз көзқарасын қорғауға және әрқашан әділдік жағында болуды үйренді.
– Соңғы 17 жылда зертхана түбегейлі жақсы жаққа өзгерді. Технологияның дамуы біздің жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетті. Мұнайды, ілеспе мұнай газын және қабаттық суды зертханалық талдау кен орындарын игерумен және ұңғымалардың өнімдерін қайта өңдеумен байланысты мәселелерді шешу үшін қажет. Алынған деректер мұнай жабдығының, өнімді жинау мен тасымалдаудың мұнай кәсіпшілігі жүйелерінің, мұнай мен газды дайындау нысандарының оңтайлы жұмыс жағдайларын таңдаумен байланысты барлық технологиялық мәселелерді шешу үшін пайдаланылады. Жалпы мұнай-газ саласын дамыту зертханалық зерттеулерден басталады, – деді әріптесіміз.
Қазір Арман Таубаевтың зертхана командасы ағымдағы жылға қойылған мақсаттарды уақтылы орындауды жоспарлап отыр:
– Мен жіберілген қателіктерге, әсіресе, жұмыс сәттеріне мұқият қараймын. Сондықтан мен цифрландыру идеясын қолдаймын және қазіргі уақытта журналдарды жүргізу және деректерді жазудың электрондық әдісіне өтіп, зертханалық менеджменттің электрондық жүйесін белсенді түрде дамытудамыз. Бұл жүйе адам факторының барлық ықтимал жол берілетін қателіктерін қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ әртүрлі қағаз тасығыштардағы ақпараттың қайталануына жұмсалатын уақытты үнемдейді.