Share

Жетілген кен орындарын игеру кезінде қабат суын дайындау

Жетілген кен орындарын игеру кезінде қабат суын дайындау

  • 22.11.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on Жетілген кен орындарын игеру кезінде қабат суын дайындау

ҚМГ Инжиниринг жетілген кен орындарында қабат суын дайындау бойынша халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырады.

2024 жылғы 22 қарашада ҚМГ Инжиниринг «Жетілген кен орындарын игеру кезінде қат суын дайындау» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.
Іс-шара «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» ҚМГ Инжиниринг филиалының базасында онлайн және офлайн гибридті форматта өтуде.

Дөңгелек үстелге Қазақстанның жетекші мұнай компанияларының, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерінің өкілдері, сондай-ақ Қытай, Ресей және басқа да елдердің сарапшылары қатысады.

Аталған тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізу талқыланатын мәселелердің жоғары өзектілігіне негізделген. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кен орындарында, ЖПД жүйесінде су дайындау үшін гравитациялық сепарация әдістері қолданылатын көптеген басқа объектілердегі сияқты, су дайындау сапасын жақсарту проблемасы өткір тұр. Бұл операциялық шығындарды барынша азайтуды және жоғары су факторымен мұнай өндіру кезіндегі шығындарды азайтуды қамтиды.

Іс-шараның негізгі мақсаты: Тәжірибе алмасу үшін алаң құру, қабат суын дайындаудың озық технологияларын зерделеу және неғұрлым тиімді әдістерді енгізу үшін шешімдер әзірлеу.

Қатысушылар сондай-ақ шығындарды азайту және кен орындарын пайдаланудың соңғы сатыларында рентабельділікті арттыру жолдарын талқылайды.

Күтілетін нәтижелер :

• Қабат суын дайындаудың өзекті мәселелерін талқылау;

• Тиімді технологиялар мен әдістерді анықтау;

• Саланың негізгі проблемаларын шешу үшін ұсынымдар қалыптастыру.

Дөңгелек үстел қазіргі сын-қатерлерді шешудің заманауи тәсілдерін табу үшін мамандарды, ғалымдар мен бизнес өкілдерін біріктіреді.

Бөлісу бағытындағы: