Share

ҚМГ Инжиниринг қызметкері-ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің түлегі

ҚМГ Инжиниринг қызметкері-ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің түлегі

  • 28.03.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг қызметкері-ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің түлегі

Гүлжан Бекмағамбетова – ҚМГИ стратегия, тәуекелдерді басқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы, конкурстық іріктеуден өтіп, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің түлегі болды.
Конкурсқа 430-дан астам кандидат, оның ішінде ҚМГ компаниялар тобының өкілдері қатысты.
Курс 7 негізгі модульді қамтыды. Қатысушылар аналитикалық қызметтің негізгі тәсілдерімен танысты, тәжірибелі әріптестерінен құнды кеңестер алды және кәсіби байланыстарды нығайтты. Лекторлар ретінде 20-дан астам танымал қазақстандық және шетелдік сарапшылар сөз сөйледі.
Қатысушылар 13 командаға бөлінді, олардың бірінде Гүлжан Жұмабекқызы топ жетекшісі болып анықталды. Және де, жас мамандарды 13 тәлімгер-менторлар алып жүрді, олар аналитикалық материалдарды дайындауда командаларға жәрдемдесіп, жолдамалар мен ұсыныстар берді.
Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар дайындаған талдамалық материалдар одан әрі зерделеу және жұмыста пайдалану үшін ҚР Парламенті Сенатына жолданды.

Бөлісу бағытындағы: