Share

ҚМГ Инжиниринг өкілі НУ студенттері алдында тақырыптық дәріс оқыды

ҚМГ Инжиниринг өкілі НУ студенттері алдында тақырыптық дәріс оқыды

  • 25.01.2024
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ Инжиниринг өкілі НУ студенттері алдында тақырыптық дәріс оқыды

ҚМГИ Атыраулық филиалының Геология және геологиялық барлау қызметінің жетекші инженері Гаухар Бектас Назарбаев Университетінің студенттері алдында «PVT. Мұнай мен газдың қасиеттері» тақырыбында сөз сөйледі.

Спикер болашақ кәсіби сарапшыларға талқыланатын мәселенің ерекшелігін ашып берді, атап айтқанда, мұнай кен орындарын игеру процесінің тиімділігіне қатысты маңызды ақпаратты ұсынды, ұңғымалардың технологиялық жабдықтарын пайдалану қалай жүргізілетінін, қабатты көмірсутегі қоспаларының термодинамикалық модельдерін құру қамтамасыз етілетінін, мұнай, сынамалар деген не екенін, сонымен қатар өз баяндамасының барлық тармақтарын толықтай көрсете отырып, мұнай мен газдың классификациясын берді.  

Балаларды қабаттағы сұйықтық сынамаларын алудың түрлері, PVT талдауы, корреляциялық тәуелділіктер, сұйықтық қасиеттеріндегі айырмашылықтардың себептері, қазіргі уақытта қабат мұнайы мен газ конденсаты үшін мамандар қандай PVT тәжірибелер жүргізіп жатқанын көрсететін тақырыптар қатты қызықтырды.

Сөздің теориялық блогын қорытындылай келе, лектор студенттерге талқыланатын тақырып аясында бірқатар практикалық тапсырмаларды орындау арқылы алған ақпаратты бекітуге мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, Гауһар 2022 жылдан бастап SPE Атыраулық борд мүшесі және оқу дәрістерін өткізу мен ұйымдастыруға жауапты болып тағайындалды.

Анықтама:

Мұнай инженерлерінің қоғамы (SPE) – мұнай мен газды барлау және өндірумен айналысатын 134 елде 124 800-ден астам мүшесі бар коммерциялық емес кәсіби бірлестік. SPE жеке және онлайн іс-шаралар, оқу курстары, жарияланымдар және басқа ресурстар арқылы ақпарат алмасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін техникалық білімнің негізгі ресурсы болып табылады. SPE кеңселері Даллас, Лондон, Дубай, Куала-Лумпур, Калгари және Хьюстонда орналасқан.

Бөлісу бағытындағы: