Share

Қазақстанның жетілген кен орындарында ҚГҮ тиімділігін қалай арттыруға болады?

Қазақстанның жетілген кен орындарында ҚГҮ тиімділігін қалай арттыруға болады?

  • 15.12.2023
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on Қазақстанның жетілген кен орындарында ҚГҮ тиімділігін қалай арттыруға болады?

ҚМГ Инжиниринг «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» Филиал базасында Ақтау қаласында  «Жетілген кен орындарында қабаттың гидравликалық үзілім (ҚГҮ) тиімділігін арттыру» тақырыбы бойынша халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, ҚГҮ тиімді технологияларын іздеу және қолдану және ҚГҮ технологияларының шектеулеріне байланысты сулы қабаттардағы жарықтардың.

Іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды ҚМГИ Бас директоры Рахым Өтеев қарсы алды.

– «Іс-шара жұмысына алыс және жақын шетелден келген сарапшылар қатысуда. Мұндай кездесулердің маңызы зор екеніне сенімдімін, өйткені ол рухты қалыптастыруға, біртұтастық пен білім алмасуға, барынша тиімді нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді. Өздеріңіз білетіндей, бүгін біз жетілген кен орындарында ҚГҮ тиімділігін арттыру, біздің индустрияда технологияларды табысты қолдану, күрделі және өндіруі қиын қабаттардан қалдық мұнайды алу әдістері туралы мәселені талқылап жатырмыз. Бұл технология бізге өндіру процестерін оңтайландыруға, шығындарды азайтуға және жалпы мұнай өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл қазіргі заманғы нарық жағдайында орнықты дамудың негізгі факторы болып табылады», – деді ҚМГИ басшысы.

Бөлісу бағытындағы: