Share

ҚМГ тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу қағидаларын бекітті

ҚМГ тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу қағидаларын бекітті

  • 15.08.2023
  • News-Kaz, News-Kk
  • Коммент өшірілген on ҚМГ тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу қағидаларын бекітті

2023 жылғы 9 тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының мұнай және газ өндіру кезінде техниканың, технологиялардың, материалдар мен жабдықтардың жаңа түрлерінің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын ұйымдастыру, жүргізу және есепке алу Ережелерін (09.08.2023 жылғы№ 37 хаттама) бекітті.

Бекітілген Қағидалардың жаңа редакциясы әлеуетті өнім берушілерден, ұйымдардан өтінімдер берудің және ҚМГ мұнай-газ өндіру активтерінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.

Құжат жаңа техника, технологиялар, материалдар мен жабдықтар бойынша ТӨС-ды ұйымдастыруды, жүргізуді және мониторингтеуді, стендтік және зертханалық сынақтарды жүргізуді, жүргізілген ТӨС нәтижелерін жан-жақты талдауды және жаңа техника мен технологияларды өнеркәсіптік енгізу және тираждау жөніндегі одан әрі шешімді ретке келтіру үшін әзірленген.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да бизнес-процестерді цифрландыру аясында ТӨС-дың жаңа Ережелеріне сәйкес әлеуетті жеткізуші, ҚМГ ЕТҰ, ҚМГ және ҚМГИ арасындағы өзара әрекеттерді жақсарту үшін «ТӨС орталығы» интернет-порталы іске қосылды, ол цифрлық форматта бір терезе принципі бойынша жұмыс істейді, онда «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазМұнайГаз» АҚ ғылыми-техникалық қолдаудың мамандандырылған орталығы болып табылатын негізгі рөлге ие. Атап айтқанда, ҚМГИ өндірушілерден және/немесе жаңа техника, технологиялар, материалдар, жабдықтар мен химиялық реагенттер өкілдерінен келіп түскен өтініштерді қарау, ҚМГ ЕТҰ кен орындарында жаңа техника мен технологиялардың қолданылуын талдау, ТӨС сүйемелдеу және жүргізілген ТӨС нәтижелерін растау бойынша жұмыс жүргізеді.

«ТӨС жүргізу Ережелерінің» регламенттелген тәртібінің блок-схемасы «ТӨС орталығы» интернет-порталының жұмыс алгоритмімен толық синхрондалған. Осылайша, ҚМГ Инжиниринг ҚМГ-да бизнесті корпоративтік жүргізуді трансформациялау Стратегиясын іске асыруға белсенді қатысады және ҚМГ және ЕТҰ арасындағы өзара әрекеттесу бизнес-процестерін оңтайландыруға және үйлестіруге елеулі үлес қосады.

Бөлісу бағытындағы: